Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров Ескі Иқан елді мекеніне дейінгі магистральді су құбырының құрылыс жұмыстарымен танысты. 2024 жылы басталған жоба биыл пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Бұл нысанның негізгі мақсаты — Ескі Иқан және аталған елді мекен маңайындағы ауылдарды тұрақты әрі сапалы ауызсумен қамтамасыз ету. Жобаның техникалық көрсеткіштеріне сәйкес, су құбырының жалпы ұзындығы 45 898 метрді құрайды. Құрылғының есептік өнімділігі тәулігіне 3 135,3 текше метр.

«Ауызсу — әрбір тұрғынның басты қажеттілігі. Бұл бағыттағы жобалардың сапалы әрі уақтылы орындалуы — аудан басшылығының тұрақты бақылауында. Тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру үшін мұндай инфрақұрылымдық жобалардың маңызы зор», — деді аудан әкімі Мақсат Таңғатаров.
Аталған жоба пайдалануға берілген соң, Ескі Иқан және оған жақын орналасқан елді мекен тұрғындары тұрақты әрі сапалы ауызсумен қамтамасыз етіледі деп күтілуде.
