ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ВОЛЕЙБОЛДАН ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

Ордабасы ауданының Төрткүл ауылында 2009–2010 жылы туған ұлдар арасында волейболдан Түркістан облысының чемпионаты өтті. Аталған додаға өңірдің барлық аудан-қалаларынан 13 команда, жалпы саны 156 жас спортшы қатысып, өзара үздікті анықтады. Тартысты өткен кездесулер нәтижесінде Сайрам ауданының командасы барлық қарсыласынан басым түсіп, чемпион атанды.
Ал Кентау қаласының командасы күміс жүлдені еншілесе, Сарыағаш ауданының волейболшылары үздік үштікті қорытындылады.
Жарыс барысында жекелей шеберлігімен көзге түскен спортшылар да марапаттан тыс қалмады. «Үздік ойыншы» атағы сайрамдық Бехруза Сабыржановқа бұйырды. Айта кетейік, аталған жарыста көзге түскен үздік спортшылар енді 5-12 қараша аралығында Шымкент қаласында өтетін ел біріншілігінде Түркістан облысының намысын қорғайтын болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *