
Аудандық әкімдіктер мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдеріне алыпсатарлық әрекеттердің алдын алу және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Өндіріс зауытымен газдың уақытылы жөнелтілуін қамтамасыз ету, сондай-ақ теміржол тасымалдаушыларымен вагондарды дер кезінде жеткізу бойынша тығыз жұмыс жүргізілуде.