Шымкент қаласында 2009–2010 жылы туған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының күзгі чемпионаты өтті. Ел біріншілігінде Түркістан облысының намысын қорғаған Сайрам ауданының құрама командасы үздік үштіктен көрінді. Еліміздің әр аймағынан келген 18 команда бақ сынаған тартысты додада сайрамдық өрендер жоғары деңгейдегі дайындықтары мен бірлігін, жеңіске деген жігерін айқын көрсетіп қола медаль алды.
Енді сайрамдық волейболшылар 2026 жылдың қаңтар айында Өскемен қаласында өтетін қысқы Қазақстан чемпионатына дайындықты бастап кетті. Команда келесі жылы да өңір абыройын жоғары деңгейде қорғауды мақсат етіп отыр.
