Адвокат – міндетті түрде адвокат алқасының мүшесі болып табылатын және Қазақстан Республикасының “Адвокаттық қызмет туралы” Заңының нормаларымен реттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін Қазақстан Республикасының азаматы. Адвокат алқасының мүшесі болу үшін жоғары заң білімі бар, заңгер мамандығы бойынша жұмыс стажы екі жылдан кем емес және адвокаттық қызметі жүзеге асыру құқығына лицензия алған Қазақстан Республикасының азаматы мүше бола алды.Қазақстан Республикасының Президентінің “Лицензиялау туралы” Заң күші бар Жарлығында айтылғандай: “Азаматтарға қызмет көрсетуге байланысты мынадай қызмет түрлері лицензиялауға жатады: мемлекеттік емес суъектілердің із кесу (детективтік) және күзет қызметіне, адвокаттық қызметке байланысты заң қызметін көрсету”.
Адвокаттың құқықтары: Адвокат алқаларының мүшелеріне құқықтар мен міндеттер берілген. Адвокат алқасының мүшелерінің құқықтары 2 топқа бөлінеді. Бірінші топқа – адвокат алқаның мүшесі екендігін көрсететін құқықтар.Екінші топқа – қылмыстық бойынша қорғаушы және азаматтық іс бойынша өкіл ретінде адвокаттық кәсіби құқықтары жатады.
Адвокат алқа мүшесі ретінде: Адвокаттар алқасының органдарына сайлануға және сайлауға;Адвокаттар алқасы органдарына алдына алқа қызметіне қатысты мәселелер қоюға, алқа мен оның оргындарының жұмысын жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізуге;алқа органдары оның қызметі немесе мінез-құлқын тексерген және талқыланған барлық жағдайларда өзі қатысуға;өз бастамасымен алқа құрамынан шығуға құқығы бар.
Адвокат, қорғаушы немесе өкіл ретінде мынадай әрекеттер жасауға құқылы:Заң көмегін көрсету үшін қажет нақты мәліметтерді дербес жинауға және дәлелдер табыс етуге;Көмек сұрап келген адамға қатысты материалдармен танысуға және оларды ақпаратты заң актілерінде тыйым салынбаған кез келген тәсілдермен белгілеп алуға;заңдарға қайшы келмейтін өзге де әрекеттерді жасауға құқылы.
Адвокаттың міндеттері:Адвокат заң талаптарын сақтауға міндетті және көмек сұрап өтініш жасаған адамның келісімінсіз оларды жария етуге құқығы жоқ және т.б.Мемлекет өз кезегінде адвокаттарға заң бойынша, қойылған талаптарды орындалуын қамтамасыз ету үшін белгілі-бір шараларды қолданады, яғни құқық қоргау органдарында және әділет органдарында белгілі-бір өкілеттікті беру арқылы құқықтық қызмет пен халыққа заң көмегін көрсету аясындағы қызметі құқықтық тұрғыда реттейді. Осылайша, реттеудің мақсаты болып, құқықтық көмек көрсету рыногын жоғары, сапалы құқыққорғау қызметімен толтыру болып табылады.
Қылмыстық және азаматтық істер бойынша сотқа қатысудан басқа адвокат азаматтарға құқықтық көмек көрсетеді, бірлестіре отырып ұйымдарға, мекемелерге, кәсіп орындарға берген сауалдарына заңды негізге ала отырып, консультациялық кеңес береді. Осы консультациялық кеңес негізінен туындап тұрған дауды бастамас бұрын талап арызды қалай керек екендігін, әкімшілік, әлеуметтік саяси тұрғыдан еңбек қатынастарының барысында туындаған даулы сауалдардың дұрыстығын анықтауға адвокат осы жұмыс арқылы ашып береді1.
Консультациялық жұмыс адвокаттардың қызметтерінің бір түрін көрсетеді. Заң көмегін қамтамасыз етеді. Мысалы: бір қызметкерлерді жұмыстан заңсыз түрде шығарып тастады, осы заңдылықты шешіп, әшкерлеу барысында адвокат қыруар жұмыс жасап айқындайды:
Біріншіден, заңды көмек сұрап келген қызметкер ауруханада емделген бе, емделсе қай уақыт аралығында. Жұмыстан шығарып жіберу қағазы қашан жазылған, алдын-ала қызметкерге жұмыстан қудаланатындығы туралы ескертіледі ме деген сауалдарға жауап іздеп дауды дұрыс шешілуіне адвокат өзінің кеңесі арқылы көмек береді.
-Жалпы заң саласындағы адвокаттың негізгі қызметі қандай?
-Теледидардан да, жаңалықтардан да қарап отыратын болсаң, мысалы, адвокат әрқашан қылмыс жасаған адамды қорғап жатады ия? Сол үшін де көп адамдардың ойы кейде өзгереді, бірақ бұл біздің міндетіміз, мемлекет пен адам алдындағы борышымыз. Қазақстан Республикасы азаматы болғаннан кейін қандай жағдай болмасын жеке бастың құқығы қорғалуы керек. Негізі шыны керек адвокаттық жұмыс өте ауыр жұмыстардың бірі, ол адам өмірімен тығыз байланысты, бұл қызметті өз міндетімен нақты, тиянақты Заң жүзімен атқаратын болсақ, адам өміріне зиян келмейтіндей етіп адал түрде шешілуін қадағалау қажет, сол себепті заң жүзінде қызмет етемін деген адамға бірінші ақ-қараны ажыратып, заң жүзінде жоғарғы білімінің болуы талап етіледі.
