Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенмен де, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған. Осыдан келіп құқық бұзушылық орын ала бастады. Құқық бұзушылық- қоғам өміріне тән дерт. Құқық бұзушылық- заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс- әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады. Адам өзінің іс- әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым- қатынасқа түседі. Заң бұзушылық адамның мінез- құлқы арқылы байқалады. Демек, заң бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады.
Кеңестің қызметі қоғам үшін толық ашық болуы өте маңызды. Бұған Жоғары сот кеңесінің конкурстық рәсімдерінен онлайн трансляция жасау арқылы қол жеткізуге болады. Сонымен қатар мұндай конкурстардың қорытындыларын нақты дәлелмен түсіндіріп, жариялап отырған жөн. Алқабилер сот төрелігін жүзеге асыруға қоғам өкілдерінің кеңінен қатысуына жол ашады. Қазақстанда алқабилер тек аса ауыр қылмыстар бойынша үкім шығара алады. Біз бұл саланы одан әрі дамытып, алқабилердің қарауына берілетін істердің санатын кеңейтеміз. Бұл жаңашылдық сот жүйесін демократияландыруға және оған қоғамның сенімін арттыруға мүмкіндік береді.
Ендігі кезекте құқықтық мәдениет жайында сөз қозғасақ. Бұл – қоғамның, құқықтық өмірінің сапасы, халықтың құқықтары мен бостандықтарына мемлекет пен қоғамның кепіл болуы. Сонымен қатар бұл- қоғамдағы әрбір жеке тұлғаның, қоғамдық-құқықтық қатынасқа түсуші азаматтың құқықты ұғынуы, заң мен құқықтардың қорғалуын терең түсінуі. Құқықтық мәдениет пен құқықтық сананы меңгеру қоғамдық қатынастарға құқықтық ықпалдың әсер ететіндігін ұғынады. Тұлға мен қоғамның рухани құндылықтары адамның құқықтық сана сезімі арқылы айқындалады, олар бұл құндылықтарды өздерінің сезімдері, көзқарастарымен танымы арқылы танытады. Құқықтық мәдениет – нақтыланған дара мемлекеттік діни, этникалық қауымдастықтың қатысушылары белгілеген қабылдаған және олардың іс-әркеттерімен құзыреттерін реттеу үшін қолданылатын құндылықтар, құқықтық көзқарастар, наным сенімдері, сана сезімдері мен дәстүрлер қағидалары. Кез келген мемлекет аясында түрлі құқықтық мәдениеттердің болуы мүмкін, мәселен бұл жағдай көпұлтты, көпдінді қоғамдарда көрініс табады. Біздің елімізде Қазақстан Республикасында халқымыздың, ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық салт-дәстүрлік құқықтық мәдениетпен қатар басқа да ұлттардың дәстүрлік құқықтық мәдениеттері қалыптастырылған. Әлеуметтің жалпы халықтың құқықтық мәдениетін зерделеп анықтау үшінжеке тұлғаның, оның мотивтерін мақсатымен формаларын қабылдауын назарға алу керек. Бұл тұста мағыналы рөл құқықтық сауаттылыққа мән беріледі. Құқықтық ақпараттану мен сауаттылықты жетілдіруді қамтитын негізгі қайнарының бірі болып отыр. Құқықтық сауаттандыру дың басты қағидасына халықтың құқықты түсініп құқықтық білімінің деңгейін арттыруға деген ынта жігерлілікпен қызығушылық болып табылады. Қазіргі таңда, еліміз заманауи сапалы әлеуетке көтеріліп жоғары деңгейге шығарудағы құқықтық сауаттандыру, түсіндіру шараларына, нормативті-құқықтық шығармашылық үрдіске басым назарға алынып отыр. Құқық қорғау органдарының құзыретіне қазіргі таңда стратегиялық бағыты болып табылып отқан азаматтардың құқықтық мәдениетін дамытып, құқықтық санасының әлеуетін күшейту басты мәселелердің бірі болып табылады.
Бұл мәселе аясында құқықтық насихат жұмыстарын ауқымдандырыру, сапалық жағдайын жоғарылату іс қимылдарын жатқызамыз. Бұл орайда айта кететін жәйт, адам мен азаматтың Конституциялық және басқа да құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз етіп, жадпы азаматтардың құқықтық білімдері мен құқықтық мәдени этикасын оңтайландырып құру мақсатында мемлекеттік органдар мен жоғары оқу орындары бұқаралық ақпарат құралдарында сөз қозғап, түрлі іс-шаралар, конференциялар, ашық сабақтар, семинар-брифингтер, дөңгелек үстелдер сияқты шараларды ұйымдастырып, Әділет министрлігіне қарасты ұйымдарымен, сонымен қатар облыстық мемлекеттік мекемелерімен тұрақты түрде өзара іс-әрекеттер жүзеге асырылуда. Қазіргі кезде барлық жалпы халық әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланушылары болып табылады, халыққа кез келген ақпарат қол жетімді, кез келген азамат нормативті құқықтық актілермен танысып ақпарат ала алады, жүзеге асырылып жатқан түрлі құқықтық сауаттандыру жұмыстарынан хабардар бола алады.
