ТҮРКІСТАН: МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ

Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік-құқықтық мәртебесі жайында ақпараттық сайтымызда Түркістан облысының тұрғындарының назарына  түсіндірме насихат жұмыстарын ұсынамыз. Мемлекеттік қызмет кең мағынада қызметшілердің өздерінің міндеттерін мемлекеттік ұйымдарда: мемлекеттік өкімет органдарында, кәсіпорындарда, мекемелерде, өзге де ұйымдарда орындаудан көрінісін табады; тар мағынада – бұл қызметшілердің өздерінің міндеттерін мемлекеттік органдарда орындаулары.

«Мемлекеттік қызмет туралы» заңда мемлекеттік қызметшінің түсінігі берілген. Ол бойынша мемлекеттік қызметші болып заңдарда белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттен не ҚР Ұлттық банкінің қаржысынан ақы төленетін қызметті мемлекеттік органда атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттілікті жүзеге асыратын ҚР-ның азаматы табылады.

Заңда мемлекеттік қызметшілерде екі топқа бөліп, түсініктеме берген. Бұлардың бірі мемлекеттік әкімшілік қызметші деп аталады. Оған мемлекеттік саяси қызметшілердің құрамына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын мемлекеттік қызметші жатады (мысалы, мемлекеттік хатшы кеңесшісі, сарапшы, маман, құрылымдық бөлім басшысы, департамент директоры, аудан әкімінің орынбасары және т.б.). Енді бір тобы – мемлекеттік саяси қызметші. Мұндай қызметші болып тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және қызметі саяси-айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін жауап беретін мемлекеттік қызметші табылады (мысалы, ҚР-ның Премьер-министрі, министрлер, олардың орынбасарлары, облыс, қала, аудан әкімдері және т.б.). Яғни, Мемлекеттік қызметшілер лауазымдары оларды жасақтау мақсаттарына қарай саяси және әкімшілік лауазымдарға бөлінеді. Мемлекетттік саяси қызметші- тағайындалуы, босатылуы және қызметі саяси-айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін жауап беретін мемлекеттік қызметші. Саяси лауазымдарға: ҚР-нің Президенті тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметшілер, олардың орынбасарлары; ҚР-сы Парламентінің Палаталары және Парламент Палаталарының Төрағалары тағайындайтын және сайлайтын мемлекеттік саяси қызметшілер, олардың орынбасарлары; ҚР-сы Жоғарғы Сот аппараттының басшысы,оның орынбасарлары; Конститутцияға сәйкес Президент пен Үкіметтің өкілдері болып табылатын мемлекеттік саяси қызметшілер; Орталық атқарушы органдар мен ведмостваларды басқаратын мемлекеттік саяси қызметшілер (басшылар) олардың орынбасарлары атқаратын лауазымдар жатады. Саяси лауазымдарға Президент белгілейтін өзге лауазымдар да жатқызылуы мүмкін. Мемлекеттік әкімшілік қызметші- мемлекетттік саяси қызметшілердің құрамына кірмейтін, мемлекетттік органда тұрақты кәсіби негізде лауазымдық өкілетттілікті жүзіге асыратын мемлекеттік қызметші. Сонымен мемлекетттік қызметшілерді жоғарыдағыдай 2 топқа бөлудің негізгі мақсаты мемлекетттік қызмет аясында демократияландырудың қамтамасыз ету, саяси қызметке тағайындалатындардың шеігін белгілеу, оларға байланысты кәсіби қызметшілердің ауысуларын болдырмау, сөйтіп мемлекеттік аппараттың қалыпты жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызу және оның тиімділігін арттыру. Мемлекетттік лауазымдарды осылай бөлудің негізінде аталған заңда мемлекеттік қызмет ұғымының анықтамасы берілген.

Мемлекеттік қызмет- мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардаға мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі. Мемлекеттік органдардың өкілеттіліктері қоғам өмірінің барлық аяларында мемлекеттік қызметшілер арқылы іске асырылады Барлық мемлекеттік қызметшілердің құрамы біріңғай емес, олардың мемлекеттік органдардың өкілеттіліктерін іске асыру жөніндегі атқаратын қызметтері әр түрлі және олар біріне-бірі ұқсас емес жағдайларда жұмыс істейді. Сондықтан оларды әр түрлі белгілер бойынша кейбір топтарға бөлуге болады. Мемлекеттік қызметшілерді олардың қызмет атқарып отырған мемлекеттік өкмет органдары қызметінің көлемі бойынша республикалық қызметшілерге бөлуге болады. Республикалық мемлекеттік қызметшілер қызметінің сипаты тиісті республикалық мемлекеттік органдардың: Президент Әкімшілігінің, Үкімет Кеңесінің, Парламент Палаталары Аппаратының т.с.с. өкілеттіліктеріне негізделеді. Жергілікті жерлердегі мемлекеттік қызметте тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің мемлекеттік өкімет органдарының қарауына жатқызылған мәселер жөніндегі өкілеттіліктерді жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшілер болады. Егер республикалық органдардағы қызмет ерекшелігі сияқты белгіні негізге алатын болсақ, онда азаматтық және милитарландырлған мемлекеттік қызметшілер бөлінеді . Билікті бөлу принциптеріне сәйкес заң шығарушы, атқарушы және сот билігі органдарының мемлекеттік қызметшілері ажыратылады.

Мемлекеттік қызметшіге кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, соның ішінде, коммерциялық ұйымды басқаруға тікелей қатысу заңдарға сәйкес оның қызметтік міндетіне кірмейтін болса, ұйымдық-құқықтық нысаны қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға рұқсат етілмейді. Мемлекеттік қызметшіге үшінші тұлғалардың істері бойынша өзі қызмет істейтін не өзіне тікелей бағынысты немесе өзінің бақылауындағы мемлекеттік органда өкіл болуға тыйым салынады. Мемлекеттік қызметшінің ереулдерге,мемлекеттік органдардың қалыпты жұмыс істеуіне және қызметтік міндеттерді орындауға кедергі келтіретін әрекеттерге қатысуына рұқсат етілмейді. Мемлекеттік қызметшіге өзінің жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алған балалар, әжелері, немерлері және т.б.) немесе ері (зайыбы) атқаратын қызметке тікелей бағынысты лауазым, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, атқаруына болмайды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *