ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ ШАҺАРДАҒЫ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНА АТСАЛЫСТЫ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын. 5 аптаға созылатын бұл науқанның бірінші аптасы «Таза өлке» деп аталады. Республикалық шараға Түркістан қаласы әкімі аппаратының жас мамандары өз үлесін қосты.

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тұрғындардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында ұйымдастырылған шараға қызметкерлер кешкі серуен уақытын арнады. Жұмыс уақыты біткен соң мамандар шаһардың туристік аймағы саналатын мәдени-рухани орталық аумағын қоқыстан тазартуға шықты.

Сенбілік барысында бұл бастаманың тазару мен жаңару маусымы саналатын көктем мезгілінде бастау алуының маңызы зор екендігі айтылып қана қоймай, тазалық пен сенбілік жұмыстарына бірлесе атсалысуға шақырды. Сонымен бірге қатысушылар халық әндерін шырқап, сергіту сәтін өткізді.

Акцияға қатысушы қала әкімі аппаратының жас маманы Ердәулет Төрехан: «Тазалықты ту еткен жобаның тұрғындарға берері мол. Қоршаған ортаны, табиғатты аялау – туған жерін қадір тұтатын әрбір азаматтың перзенттік парызы. Қазіргі таңда облыс пен қала тұрғындары игілікті бастамаға бірлесе атсалысып, таза өлке үшін тазалық пен сенбілік жұмыстарына белсенді түрде атсалысып жатыр. Табиғатты аялау, тазалықты ұстау ол тек қала үшін ғана емес, бәріміз үшін ортақ дүние. Ортақ үйіміздің тазалығын қамтуға әрбір тұрғын міндеттіміз» деді.

Сенбілік соңында мемлекеттік қызметкерлер облыс тұрғындарына «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына атсалысуға шақырып, арнайы челлендж жолдады.

Айта кетейік, 10 сәуір мен 11 мамыр аралығында Түркістанда «Таза өлке – Түркістан» науқаны өтеді. Әр аптаға арнайы ат беріліп, түрлі бағытта экологиялық іс-шаралар ұйымдастырылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *