Қазақстан Республикасының Конституциясында — Қазақстан Республикасы өзінің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратыны аталған. Бұл еліміз үшін мәртебелі мақсат. Осы ретте Түркістан облысындағы азаматтарының құқықтық сауаттылығы арттыру мақсатында «Керек кеңес» айдары аясында бірнеше ақпаратты назарларыңызға ұсынбақпыз. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында: «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп баян етілген. Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуының басты алғышарттарының бірі – азаматтардың құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық мәдениетін қалыптастыру, әсіресе оның құрамды бөлігі – адам құқығының мәдениеті. Адам құқықтары туралы ақпаратпен жүйелі қамтамасыз етудің қажеттілігі маңызды екенін ескерсек, онда бұл салада адам құқығы мәдениетін қалыптастырудамаңызды құралдардың бірі – білім беру ұжымдары десек қателеспейміз. Қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі — қылмыстың, құқық бұзушылықтың алдын алу. Бұны бүгінгі таңда барлық деңгейдегі шенеуніктерден бастап, құқық қорғау органдары қызметкерлері, ұстаздар мен ата- аналар, азаматтарда түсінуде.
Құқық бұзушылық жөнінде «Құқық бұзушылық дегеніміз — адамның қоғамға, мемлекетке немесе жеке тұлғаға зиян келтіретін, соңы заң алдындағы жауаптылыққа апаратын құқыққа қайшы әрекеті немесе әрекетсіздігі» деп көрсетілген. Қоғамда тәртіп орнамаса, ол құлдырайды , яғни келешегі болмайды . Бұл бәрімізге белгілі және оны жақсы түсінеміз. Дегенмен, қоғамда қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да кездеседі және бұл – құқық бұзушылықтың орын алуына әкеп соқтырады , сондықтан құқық бұзушылық — қоғам өміріне тән қауіпті дерт . Құқық бұзушылықтың себептеріне қатысты ерте заманнан осы күнге дейін әр түрлі пікірлер айтылып келеді .Солардың ішінде құқықтық нормаларды бұзуына ең алдымен әлеуметтік және биологиялық жағдайлар әсер ететінін байқауға болады . Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға , қоғамдық тәртіпті сақтауға , заңды жауапкершілікті сезінуге өз үлесін қосатын , атсалысатын суъектілердің бірі – оқу орындары болып табылады . Оқу орнында жасөспірімнің азаматтық , патриоттық , адамгершілік , салауаттық , құқықтық, мәдени , шығармашылық т.б. қасиеттерін дамыту және қалыптастыру процесі жүзеге асырылады . Бұл ұжым мүшелеріне үлкен жауапкершілік пен міндет жүктейді . Құқық бұзушылық пен келеңсіз жағдайларды барынша болдырмау және алдын алу , оның зияндылығы мен қауіптілігін түсіндіруде – өскелең ұрпаққа құқықтық тәрбие беру, оның мақсат – міндеттерін дұрыс түсіндірудің маңызы ерекше
Құқықтың тәрбие негізгі отбасынан басталады. Білімгерлердің тәртіп бұзудың бір жағы отбасында жатыр. Бізде отбасы әр қилы:маскүнемдікпен күн өткізген,ұрыс-керістен көз ашпайтын,басқалардың, мемлекеттің есебінен теріс жолға барып қалғысы келетін отбасылар бар. Осындай отбасында өскен балалардың оқуға,еңбекке қалай қарайтыны өз-өзінен түсінікті емес пе? Мұндай отбасында тәрбиеленген бала өзімшіл болады, қылмыс жасауға бір табан жақын тұрады.
Жастарды құқықтық салауаттылыққа тәрбиелеу – олардың қылмысқа ұрынбауына, өздігінен өмірдегі мәселелерді шешуде дұрыс шешім қабылдауына, келеңсіз, жағымсыз жағдайлардан тартынуына, қоғамға пайдалы іспен шұғылдануларына жәрдемдеседі. Көп ұлтты тәуелсіз мемлекетті нығайту, өскелең ұрпаққа адамгершілік, патриоттық, азаматтық тәрбие беру біздің баршамызға міндет екенін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Құқықтық тәрбиені ұстаздар қауымы ата-аналармен, құқық қорғау органдары қызметкерлерімен, салауаттылық және денсаулық сақтау мекемелерімен , спорттық ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп, тәрбиенің өзге түрлерімен байланыстырып жүйелі жүргізер болса, нәтижелі болмақ. Оқу орны мен отбасында балалар әлеуметтік іс-әрекеттің алғашқы дағдыларын қалыптастырып адамгершілік, әдеп, заңды мінез-құлық, орынды әрекет – қылық, құқықтық нормаларды меңгере бастайды. Құқықтық тәрбие беру баланың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың бойына жоғары идеялық пен қоғамдық меншікке қатынасты көзқарасты дарытудың асыл міндеттерін атқарады. Құқықтық мәдениет білімгерден жан-жақты құқықтық білімдерді талап етеді. Адамның құқықтық мәдениеті — күрделі психологиялық құбылыс. Бұл құбылыс қоғамның, мемлекеттің көптеген маңызды салаларында көрінеді. Ең бастысы адамгершілікті адам тұлғасының сапалық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал жасайтын тәрбие құралдарының бірі — орынды тәртіп пен мінез-құлық тәрбиесінің жоғары деңгейінде болуы. Сонымен адамның құқықтық мәдениеті дегеніміз — орынды тәртіп пен мінез-құлқы, жан-жақты құқықтық білімдері мен заңды құрметтеу, құқықтық қорғау іс-әрекетінің терең бірлігі. Құқықтық құрметтеу, әділдікті, борышты, жауапкершілікті, заңдылықты, сезіну — адам тұлғасының жоғарыдан көрінуі. Осыдан келіп заңдылықты сезіну құқықтық мәдениеттің құрамы екендігін түсіну қиын емес. Бауыржан Момышұлы атамыз: «Тәртіпсіз ел болмайды,тәртіпке бас иген құл болмайды» деп айтқандай қаншада ата-заңымызды қорғауға, бекітілген тәртіпке бағынуға, өз құқықтарыңызды орынды пайдалана білуге шақыра отырып, бүгінгі тәрбие сағатымды аяқтаймыз.
