Түркістан қаласы ішкі саясат және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері және Түркістан қалалық ювеналды полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, жастар мен жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында беймезгіл уақытта заңды өкілінсіз жүруін анықтау барысында түнгі рейд өтті.
Құқық бұзушылық – қоғамға қарсы әрекет. Қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі кезде өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру арқылы оларды дұрыс жолмен жүруді үйретеміз. Жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттыру өте маңызды. Құқықтық сауаттылықты арттыру құқықтық тәрбиемен келеді.
Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәмелеттік жасқа толмаған жастардың түңгі 23:00 ден кейін заңды өкілінсіз көшеде немесе ойын сауық орталықтарында жүруі бойынша тексеру. Қазіргі таңда жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өршіп тұруы, ата-ананың қарауынсыз қалуы, тәлім – тәрбие мәселелерін қолға алу және келеңсіз жағдайлардың алдын алу.
Сонымен қатар іс-шара барысында жастар мен жасөспірімдерге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің жаңа баптары 127-бап ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларға тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауы, 441-бап жекелеген қоғамдық орында темекі шегуге тыйым салуды бұзу, 442-бап кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерін еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын жайдан тыс жерде болуға тыйым салынатындығы жайлы ескертілді.
Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр, себебі өмірлік қиын жағдайға душар болған жасөспірімдердің саны азаяр емес. Бұл санатқа, көбінесе отбасылық жағдайы нашар, демалыс мезгілі ойластырылмаған, өздеріне өздері бас болып жүрген балалар жатады.
Құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында оқу жылының басынан бері біздің мектепте атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып кетсем. Оқу жылының басында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында жүргізілетін іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілген болатын. Жоспарға сәйкес бекітілген іс-шаралар өткізіліп отырды. Оқушылар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында мектепте құқықтық тәрбие мен құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде кеңес жұмыс жасайды. Әр ай сайын кеңес отырысы болып өтеді. Кеңңес құрамында 10 адам бар. Кеңес төрайымы мектеп директоры және мектеп ұстаздарынан құралған. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу және де құқық бұзушылықпен күресуде көмек көрсету мақсатында мектебімізде «Полицияға Жәрдемдесу Жедел Тобы» құрылды. Мектепте наркологиялық бекеттер жұмыс істейді. Сонымен бірге, бүгінде мектебімізде спорттық үйірмелер жұмыс істеп, оған оқушы тартылып отыр. Қылмыстың алдын алудың бірден-бір жолы – оқушылардың мектептен тыс уақытта қосымша біліммен қамтылуын дұрыс ұйымдастыру. Бүгінгі күні мектептегі мектептен тыс оқушы қосымша біліммен қамтылып отыр.Осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыс саны азая түскен.
