ТҮРКІСТАН: ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ — БАСТЫ МІНДЕТ

Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп,жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу – заман талабы. Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу,кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Түркістан қаласының сақшылары балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу,кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, қаладағы жастарға байланысты құқық бұзушылықтарға куә болуда. Түркістан қаласының прокуратурасы «Loto club» ойынханасын тонаған бір топ жасөспірімге қатысты қылмыстық істі сотқа жіберді.

Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр. Бүгінде өрімдей жастардың қылмыс жасауы көз үйренген көрініске айналып, елді елең қылып отыр.Тәртібі қиын бала есейген сайын қылмыстың ауыр түрлерін жасауға бейімі арта беретінін ескерсек, бұл аса өткір мәселе екенін мойындауға мәжбүрміз. Қазақстанда заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22.00 –ден кейін компьютерлік клубта отыруға және 23.00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынған.

Тергеу барысында екі жасөспірім аталған ойынханаға баса-көктеп кіріп, біреуі қолындағы ойыншық тапаншаны келушілер мен жұмысшыларға қарай бағыттап, оларды айқайлап қорқытып, екіншісі кассадан жеке кәсіпкерге тиесілі 326 500 теңге ақшаны жымқырғаны анықталды. Осыдан кейін олар сыртта жағдайды бақылап күтіп тұрған қалған үш сыбайласымен бірге оқиға орнынан бой тасалап, қылмыстық жолмен табылған қаражатты өзара бөлісіп, жеке бастарына жаратқан.

Қалалық полиция басқармасы барлық күдіктілерді анықтап құрықтады, тергеу нәтижесімен олардың жоғарыда көрсетілген қылмысты жасағанын дәлелдейтін жеткілікті айғақтар жинақтады. Аталған қылмыс үшін үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Мұндай бұзықшылықтарды болдырмау үшін қоғамға құқықтық сауттылық пен құқықтық мәдениетті қалыптастыру керек. Сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, оларға құқықтық сана мен құқықтық мәдениет қалыптастыру, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда маңызды  мәселелердің біріне айналып отыр. Жастарға құқықтық тәрбие беру – тәрбиенің маңызды бір саласы.

Құқықтық нақтылықты, құқықтың және құқық жүйесінің дамуына ықпал ететін факторларды ерекше түрде тану құқықтық сана болып табылады. Моральмен, дінмен, өнермен, ғылыммен қатар, құықтық сана қоғамдық сананың нысаны болып саналады, оның өмір шындығын көрсететін өзіне тән ерекше объектісі бар.
Құқықтық сана дегеніміз, адамдардың қолданылып жүрген жәен тілек ететін құқыққа көзқарасын білдіретін түсініктер мен сезімдердің, бағалар мен мақсатардың жиынтығы. Мысалы, азаматтардың жаңа заңға мақұлдау немесе жақтырмау, нормативтік құқықтық актінің жобасы жөнінде пайымдау және т.б. түріндегі әсері.
Құқықтық сананың мәні оның бағалаушылық сипатында. Қолданылып жүрген заң нормаларын нақты қоғамдық қатынастармен және әлеуметтік топтардың мүдделерімен арақатынасын белгілей отырып, құқықтық сана құқықтың мүмкіндігінше қандай болуға тиіс екендігін анықтайды. Ол субъектінің қолданылып жүрген құқық нормаларын сақтауға немесе бұзуға деген белгілі бір көзқарасын қалыптастырады. Соның нәтижесінде мұндай баға бұдан әрі мінез-құлық себебіне айналуы мүмкін. Құқықтық сана әлеуметтік құбылыстарды ерекше бағалай отырып, қоғамдық сананың басқа нысандарымен өзара әрекет етеді. Мәселен, меншіктің экономикалық санамен қатынастары тұрмыс деңгейі мен тұрмыс салтының алғашқы негіздерінің бірі ретінде, адамгершілік санамен  қатынастары- ізгілік пен зұлымдық тұрғысынан, құқықытық санамен қатынастары олардың заңдылығын тану тұрғысынан қарастырылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *