ТҮРКІСТАН: ҚҰҚЫҚТЫҚ КОНСУЛЬТАЦИЯДАҒЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Үкіметіне цифрландыруды толыққанды дамытуды қамтамасыз етуді тапсырды: «Қазақстан жаппай цифрландыру және жасанды интеллектті жедел дамыту аумағына айналуы тиіс. Бұл біздің стратегиялық міндетіміз». 

Негізгі міндеттер шеңберінде Әділет министрлігі азаматтардың қаржылық және уақыт шығындарын үнемдей отырып, қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бойынша, оның ішінде жасанды интеллектіні қолдану бойынша шараларды көздейтін «Digital Justice» жобаларының портфелін іске асыруда.

Бүгінгі күні халықты білікті заң көмегімен онлайн режимде қамтамасыз ете отырып, заң қызметін көрсетуге және алуға арналған «E-ZanKomegi» заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі бар.

Облыс аумағында аталған жүйеде 150 адвокат пен заң консультантының қатысуымен азаматтардың білікті заң көмегіне қол жеткізуін қамтамасыз етуге және жеңілдетуге бағытталған. 2024 жылы 2615 іс қабылданды.

Қазіргі уақытта азаматтарға тәулік бойы құқықтық кеңес беретін құқықтық ақпараттық қызмет операторларымен «Бейне қоңырау» функционалы іске қосылды.

Сонымен қатар, «Zan Komegi» мобильді қосымшасының тәжірибелік ортасында тестілеу мен қосымша оқытудан өтіп жатқан құқықтық кеңес беру бойынша жасанды интеллект элементтері бар чат-ботты әзірлеу мәселесі пысықталуда.

Жасанды интеллектіні іске асыру мақсатында Әділет Министрлігімен заң қызметін көрсету жөніндегі платформаларды (zan bar, iprav, ҚарМУ, ҚазҰТУ, ҚазҰУ және т.б.) әзірлеуге бағдарланған ІТ-ұйымдардың өкілдерімен жұмыс тобын құрды.

2024 жылдың соңғы 4 айында Республика аумағында азаматтар сандық сот орындаушысының арқасында 550 млн. теңге үнемдеді.

Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмалары шеңберінде әлемде сапалы жаңа болмысты құруға алып келетін жаппай цифрландыруға негізделген жаңа технологиялық тәртіпке көшу қажеттігі айқындалды.

2024 жылғы тамызда Әділет министрлігі ЖСО Республикалық палатасымен бірлесіп «Сот орындаушысы роботын» енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске қосты.

«Цифрлық сот орындаушысының» бірқатар артықшылықтары бар:

біріншіден, барлық іс-әрекеттер автоматты түрде жасалатындықтан, ЖСО қызметіне және оларға баруға ақы төлеу жөніндегі шығыстардан босатылды.

екіншіден, хабарламаны жеткізу мен оқуды тіркеу бар. Осылайша, өндіріс 20 АЕК дейін қозғалған соң, Робот бірнеше арналар арқылы жеңілдетілген өндіріс туралы егжей-тегжейлі ақпараты бар борышкерге хабарлама жібереді (1. 1414 СМС хабарламасы 2. push-хабарлама EGov Mobile).

үшіншіден, робот ЖСО-ға қарағанда қарыз сомасы шегінде тек 1 банктік шотқа ғана тыйым салады, ал ЖСО барлық шоттарға тыйым салады.

төртіншіден, азаматтардың қолайлылығы үшін қамтамасыз етудің барлық шараларын (тұтқындау) автоматты түрде алып тастай отырып, қарызды онлайн төлеу қолжетімді. Осылайша, адам факторы толығымен жойылады.

бесіншіден, бұл жоба сот орындаушыларымен байланысу қажеттігін жоққа шығарады, барлық әрекеттер онлайн жүргізіледі және өндірісті тоқтату және тұтқындауды алып тастау үшін түбіртектер мен басқа да растайтын құжаттарды көрсетудің қажеті жоқ. Атқарушылық іс жүргізу саласын цифрландырудан басқа, жоба азаматтарға жылына шамамен 5 млрд. теңге үнемдеуге мүмкіндік береді.

Бұрын қарызды уақтылы өтемеген жағдайда азаматтар жеке сот орындаушысына айыппұл сомасының 25% -на дейін қосымша төлеуге мәжбүр болған.

Статистика көрсеткендей, Цифрлық сот орындаушысы іске қосылған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін 109 млрд. теңге сомасына 2,2 мыңнан астам атқарушылық іс қозғалды, оның ішінде азаматтар жеке сот орындаушыларының қызметіне ақы төлеу 550 алып тастау есебінен іс-жүзінде 25% млн. теңге үнемдеді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *