ТҮРКІСТАНДЫҚ АЗАМАТТАР САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАМЕН ТАНЫСЫП ЖАТЫР

 

Бүгінде ҚР Президенттігіне үміткер Қ.Тоқаевты қолдау жөніндегі Түркістан облыстық қоғамдық штабының мүшелері өңірдің әр аумағында тұратын және қызмет ететін азаматтармен кездесіп, кандидаттың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін» атты сайлауалды бағдарламасын түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осы орайда, Кентау қалалық Қоғамдық штаб мүшелері М.Садуов пен А.Розибаев Шаштөбе мектебінде тұрғындармен кездесті. Жиын барысында Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлауалды бағдарламасына сәйкес, ауылдық жерлерді дамытудың кешенді тұжырымдамасы қабылданып, ауыл шаруашылығына көңіл бөлу арқылы табысты арттыру сынды бағыттар сөз болды. Сонымен қатар, ауылдағы тұрмыстың қаладағы сияқты жайлы болуына күш салынатыны айтылды. Шаштөбелік тұрғындармен кездесу барысында ағынсу мәселесі төңірегінде ұсыныстар айтылып, талқыланды.

Сондай-ақ, Қ.Тоқаевтың сенімді өкілдері Т.Мұсаев пен Ғ.Худияров сайлауалды бағдарламаны түсіндіру мақсатында «Қазпошта» АҚ мамандарымен жүздесті. Аталған жиында Қасым-Жомарт Кемелұлы жариялаған бағдарламаның бірне бағыты талқыланып, сайлау науқаны туралы бірнеше сұрақ қойылды. Оған қоса, қатысушылар қаладағы бірнеше маңызды мәселені көтеріп, қойылған сұрақтарға қалалық мәслихат депутаттары жан-жақты жауап берді.

Дәл осындай мақсаттағы кездесу Темір елді мекеніндегі «Отырар дән» ЖШС-да өтті. Кәсіпорын қызметкерлерімен кездескен Отырар аудандық қоғамдық штаб мүшелері Н.Сейтжанов, М.Манапов және А.Құрман жаңа бастамалар мен тың бағыттар жайлы атап өтті. Тиісінше, барша азаматты игі бастамалар мен реформаларды қолдауға, Әділетті Қазақстанды бірге құруға және өз таңдауларын жасауға шақырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *