БІРЛІГІМІЗ БЕКЕМ, КЕЛЕШЕГІМІЗ КЕМЕЛ БОЛСЫН!

Құрметті отандастар!

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні – татулық пен тұрақтылықтың, өзара сыйластық пен ынтымақтың символына айналған айрықша мереке құтты болсын!Бұл күн – тағдыры тоғысқан, тарихы ортақ көпұлтты халқымыздың бірлігі мен берекесін айшықтайтын, бейбіт өмірдің қадірін ұғындыратын маңызды дата.

Кең байтақ елімізде түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүруі – Қазақстанның ең басты жетістіктерінің бірі. Бұл – ел ішіндегі өзара түсіністік пен құрметтің, қоғамдық келісім мен тұрақтылықтың нақты көрінісі. Әралуан мәдениеттердің жарасымды үндестігі мен рухани байлығы мемлекетіміздің дамуына серпін беріп, бірегей келбетін қалыптастырып келеді.

Бірлік пен ынтымақ – елдің еңсесін тіктейтін, болашаққа бастайтын берік тұғыр. Ортақ мақсат пен жауапкершілік бізді жаңа белестерге жетелейді, тәуелсіздігімізді нығайтып, еліміздің өркендеуіне жол ашады.

Осы айтулы мереке күні баршаңызды шын жүректен құттықтай отырып, әр шаңыраққа амандық пен бақ-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Бірлігіміз бекем, келешегіміз кемел болсын!

Ізгі тілекпен,

Түркістан облыстық Тексеру комиссиясының төрағасы

Ғалымжан Тапеев.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *