Құрметті жерлестер!
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – татулық пен тұрақтылықтың, өзара сыйластық пен ынтымақтың жарқын көрінісі. Тарихы мен тағдыры тоғысқан көпұлтты халқымыз үшін бірлік – ең асыл құндылық, елдігіміздің берік тірегі. Бүгінде кең байтақ елімізде түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүруі – бейбітшілік пен келісімнің нақты жемісі.
Бірлік пен ынтымақ – қоғамның дамуына серпін беретін, болашаққа нық қадам басуға негіз болатын күш. Ортақ мақсат пен мүдде жолында жұмылған жұдырықтай болу – баршамыздың басты парызымыз. Ел ішіндегі татулық пен өзара түсіністік – тұрақтылық пен өркендеудің кепілі.
Осы айтулы мереке күні баршаңызға зор денсаулық, амандық, бақ-береке тілеймін! Әр шаңырақта шаттық пен қуаныш орнап, ырыс пен ынтымақ арта берсін!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Бірлігіміз бекем, болашағымыз баянды болғай!
Ізгі тілекпен,
Сауран аудандық мәслихат депутаты
Нұржол Конкабаев.
