«Әділет» партиясы Түркістан облыстық филиалының сайлауалды штабының өкілдері Келес ауданындағы спорт кешенінде спортшылармен кездесіп, партияның 2026–2031 жылдарға арналған «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Кездесу барысында спорт саласын өркендету, жастарға қолдау көрсету, бұқаралық спорттың аясын кеңейту және заманауи спорт нысандарының қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытындағы басымдықтар талқыланды.

Сондай-ақ қатысушылар спорт саласын жетілдіруге қатысты ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Жиынға қатысқан спортшылар өңірдің дамуына және жастардың спортпен тұрақты айналысуына мүмкіндік беретін бастамаларға қолдау білдірді.

