«Әділет» партиясы халықпен байланысты нығайту, азаматтардың өтініштеріне ден қою, олардың құқықтарын қорғау және елдегі маңызды бастамалардың орындалуына ықпал ету бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда.

Қазан айында партияға азаматтардан 3 391 өтініш келіп түскен. Оның 1 855-і бойынша көтерілген мәселелер шешімін тауып, тиісті шаралар қабылданды.
Есепті кезеңде қоғамдық бақылау жұмыстары да жүргізілді. Партиялық бақылау аясында 170 нысан зерделеніп, нәтижесінде 76 заңбұзушылық тіркелді. Оның 63-і бойынша кемшіліктер жойылды.

Бұдан бөлек, азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыруға және қарыздық жүктемесін азайтуға бағытталған «Қарызсыз қоғам» жобасы арқылы 4 431 адамға көмек көрсетілді.
Бұл көрсеткіштер партияның азаматтармен жұмыс істеу, қоғамдық бақылау жүргізу және әлеуметтік мәселелерді шешуге атсалысу бағытындағы қазан айындағы қызметінің нәтижесін көрсетеді.

