Халықтық коалиция атынан ұсынылған Қазақстан Республикасы Президенттіген кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі Түркістан облыстық қоғамдық штабы үгіт-насихат жұмыстарын күнделікті қызу түрде жүргізіп келеді.
Бүгін Кентау қалалық қоғамдық штабтың мүшелері Р.Жұмабаева, Б.Дәрібаева, А.Утепбаева, Қ.Бақберген, Т.Омаров білім саласының қызметкерлерімен кездесті. Ұстаздарды кандидаттың сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, атқарылатын жұмыстарды кең көлемде түсіндірді.
Үгіт-насихат жұмыстары Созақ ауданында да өтті. Онда облыстық қоғамдық штабының мүшесі Мәлік Дәулетовтың Жартытөбе ауылының тұрғындарымен кездесті. Мәлік Жұмаханұлы ауыл тұрғындарына Қ.К.Тоқаевтың президенттікке үміткер ретінде алға қойған ауқымды міндеттері жайлы баяндап, «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін» атты сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар беріп, ұсыныс пікірлерін тыңдады.
Төлебилік сенімді өкілдер Бірінші Мамыр ауылдық округінде орналасқан «Балмұздақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымымен кездесті.
Штаб мүшелері еңбек адамдарына еліміздің алдағы 7 жылдағы дамуының жалпы жоспары жайлы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстанымдарын жеткізді. Кездесу барысында сайлаушылар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды. Ал, соңында штаб мүшелері ұжым жұмысшыларын сайлауға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауға шақырды.
Еске салайық, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал, 20 қарашада Президент сайлауы өтеді.