Түркістан қаласында «Қыс-2022» Республикалық командалық оқу-жаттығуы өткізілді

Қала аумағында «Қыс-2022» Республикалық командалық оқу-жаттығуы практикалық тұрғыда өткізілуде. Бұл оқу-жаттығу Түркістан қалалық Азаматтық қорғау қызметтерінің құру және ережесін бекіту туралы Өкімге сәйкес қалалық азаматтық қорғау қызметтері құрылымдары мен авариялық-құтқару қызметтерінің жеке құрамы және техникалары қатыстырылуда.
Өткізіліп жатқан оқу-жаттығудың мақсаты қалалық жедел ден қою жасақтарының кез келген уақытта дайын болуы, болған жағдайда адамдарды және материалдық құндылықтарды шұғыл түрде құтқаруға дағдылау болып табылады.
Осыған байланысты бүгінгі оқу-жаттығу барысында шартты түрде бекітілген «Жылу» МКК орталық қазандығында (2 дана қатты отынды пайдаланатын КВР-23,26-150 маркалы, 5 дана табиғи газбен пайдаланатын Виссман- КГ-150 маркалы) орын алған авария саладарынан орын алуы болуы мүмкін жағдайлармен, оны жою іс-шараларын қарастырды.
Айта кетсек, 2022 жылдың 24 қарашасында елімізде «Қысқы кезең жағдайындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін дайындау» тақырыбында «Қыс-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды. Оқу-жаттығу 2022 жылғы 24-25 қараша аралығында Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің және халықтың қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жоюға дайындығы мен қабілеттілігін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының қысқы кезеңдегі ТЖ-ға ден қоюға дайындығын тексеру мақсатында өткізіледі.Оқу-жаттығуды басқару штабы Қостанай қаласында орналасқан. Оқу-жаттығудың жетекшісі ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі М. М. Күлдіков болып табылады.

«Қыс-2022» оқу-жаттығуы шеңберінде 2022 жылғы 25 қарашада республика бойынша ТЖ жою жөніндегі іс-қимылдарды пысықтау бойынша командалық-штабтық жаттығулар, авариялық-құтқару қызметтерімен және азаматтық қорғау құралымдарымен практикалық іс-қимылдар өткізілетін болады.

«Қыс-2022» РКШО барысында ел өңірлерінде электр сиреналарын іске қоса отырып, құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеру жүргізілетін болады. Бұл іс-шара халыққа «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналына ден қою тәртібін дағдыландыру мақсатында өткізіледі. Осыған байланысты тыныштықты сақтап, халықтың дүрбелеңге түспеуін сұрады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *