ӨМІРДЕН ӨНЕГЕ ТҮЙГЕН ӨРЕЛІМ

Халқымыздың «аузын ашса жүрегі көрінеді» деген тәмсіл сөзі бір көргеннен бауырмашыл қасиетімен баурап алған Түркістандық Минираға да арналып айтылғандай. «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» дегендей, бүгінгі жазбамызда ақжарма мінезімен бізді қайран қалдырған Минира туралы ой толғамақпыз.

Минира 1962 жылы 16 шілдеде Түркістан қаласында туған. Ресей елінің Кемеровск мемлекеттік университетін бітіріп, математика пәнінің мұғалімі мамандығын алып шыққан. Өзі түлеп ұшқан алтын ұясы – Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназиясында математика пәнінен сабақ беріп жатқанына да 35 жыл болыпты. Минира Осы жылдар аралығында оқытудың жаңа мазмұнын жасап, оқу-тәрбие үрдісін жаңаша пайдаланудың тиімді екенін өзінің іскерлік қабілетімен көрсеткен ұлағатты ұстаз.Раджапова Минира республика, облыс, қала көлемінде педагогикалық шеберліктің жоғары үлгісін көрсеткен өз ісінің майталманы. Атап айтсақ, 2014 жылы Республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық «Мектеп» журналының Оңтүстік Қазақстан облысындағы талантты педагог қызметкерлерді анықтау және ең тиімді жұмыс жасайтын мұғалімдердің озық іс-тәжірибелерін тарату мақсатында ұйымдастырған «Үздік мұғалімнің үздік сабағы» байқауына қатысып, үздік ашық сабақ үлгісін ұсынып, үлес қосқаны үшін және облыс көлеміне таратылатын кітапқа енгені үшін марапатталды. Сонымен қатар, облыстық білім басқармасы, қалалық білім бөлімі тарапынан бірнеше дүркін алғыс хаттар мен мақтау грамоталарын алған жоғары санатты ұстаз. Педагогикалық еңбек жолында 1996-2004 жылдар аралығында мектеп директорының орынбасары қызметін де абыроймен атқарған.
Минира мектептен тыс іс-шараларды да жандандыра жүргізеді. Атап айтсақ, «Математикалық шайқас», «КВН», «Айтыс», «ХХІ ғасыр көшбасшысы» және т.б. тақырыптарда өткізген сабақтан тыс сағаттарында миға шабуыл, логикалық пікір, математикалық викторина, ойға саяхат, жобалау, көзбен шолу сияқты интерактивті әдістерді өте жоғары деңгейде қолдана білді. Оқушылары жыл сайын өткізіліп жүрген дәстүрлі республикалық «Ақбота», «Кенгуру» білім сайыстарына белсене қатысып, жүлделі орындарды иеленіп келеді. Математика пәнінің жоғары санатты ұстазы шығармашылықпен жұмыс жасайды. Оның бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықпен ізденген еңбегінің жемісі.
Өте ізетті, инабатты, мәдениетті, мейірімді Минираның бойынан қазақы тәр­биені байқауға болады. Өзге ұлт өкілі бола тұра, қазақ тілін туған ана тілінің егізіндей қатар алып, бала кезінен мемлекеттік тілде сөйлеп өсіпті. Содан болар, мақал-мәтелдің майын тамызып, сөздің шырынын ағызып сөйлейді. Қазақ тіліне деген құштарлығы қазақша әдебиеттерді көп оқуынан да байқалады.

Мен Некрасов атындағы №9 мектеп-лицейде 10 жыл білім алғанмын. Жоғары оқу орнын бітіріп келісімен, алғашқы еңбек жолымды да өзім түлеп ұшқан білім ошағынан бастадым. Міне, сонау 1987 жылдан бері Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназиясында еңбек етіп келемін. Шынымды айтсам, өмірімнің 43 жылдан астам уақытында бір қақпадан кіріп-шығамын. Олай дерім, үйім мен алтын ұя білім ошағымның ортасында өміржолымның өрнегі қаланды.
Біз жанұямызбен 4 тілді еркін меңгергенбіз. Өйткені әкем татар, анам башқұрт болғандықтан, бұл екі тілді өз ана тіліміз ретінде біліп өстік. Қазақ елінде өмір сүріп жатқандықтан, бала кезімнен қазақ тілін білуге құмарттым. Ал, мектепте орыс тілінде білім алдым. Мектеп қабырғасында қазақ тілінен сабақ берген ұлағатты ұстазымыз Тілеуберген Тілемесұлына алғысым шексіз. Бізге қазақ тілінің бай орфографиясын түсіндіріп, мемлекеттік тілде таза сөйлеуімізді қадағалап отыратын. Шынында, қазақ тілі мен әдебиеті пәнін Тілеуберген ағай керемет түсіндіретін. Біздің қазақ тіліне деген сүйіспеншілігімізді арттырып, қолымыз бос уақытында көркем әдебиет оқуымызды талап ететін.
Содан да болар, бүгінде барлық жанмен қазақша сөйлесемін. Тіп­ті, мені татар қызы деп ешкім ойла­май­ды. Қазақ деп ойлап қалады. Өзге тілде сұраса да, қазақша жауап беремін. Себебі, біз осы елде туып өстік. Отанымыздың гүлденуі үшін қазақ тілінің болашағына бейжай қарамауымыз керек. Әрбір жас қанша көп шет тілін білсе де, мемлекеттік тілдің мерейін үстем етіп жүруі керек деп ойлаймын.
Менің қазақ достарым өте көп болды. Солардың бірі әрі бірегейі Несіпкүл Өтебаевамен 30 жылдан бері тонның ішкі бауындай араласып, сыйласып келеміз. Шынында, Несіпкүл екеуміз шынайы дос болдық. Мінезі өте жақсы, мәдениетті, парасатты досым болғанын мақтаныш етемін. Несіпкүл екеуіміз жұмыста да, жұмыстан тыс жеке өмірімізде де өте тығыз араласып, әрдайым біргеміз,- деп жан досы, ұлағатты ұстаз Несіпкүл Өтебаева жайлы әсерленіп, шынайы толқыныспен айтқанда Минираның өн-бойынан мақтаныш сезімі есіліп тұрды.
Минира жолдасы Жәудат екеуі бір ұл мен бір қызға өнегелі тәрбие беріп, өсірді. Үлкен қызы Эльвира тұрмысқа шығып, бір қызы мен бір ұлы бар. Ұлы Фарид 1994 жылы туған.

Туған Отаным – Қазақстанның өркендеуіне жас ұрпақтың бойына сапалы білім, өнегелі тәрбие берумен өз үлесімді қосып келемін. «Кең болсаң, кем болмайсың» деген қазақ халқы. Менің бойымдағы бауырмалдық, жомарттық қасиеттері жергілікті қазақ халқынан дарыған, – деп ағынан жарылған татар қызы Минирамен тіліміз де, тілегіміз де бір болып шықты.Бұл сірә, еліміздегі ынтымақ пен ұлтаралық достастықтың жемі­сі болса керек.

Ұстаз… Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі Ұстаз. «Ұстаз» деген қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады. Алғаш рет жол танытып, өмірдің қыр сырын білуге, сан қилы құбылыстарын терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алары анық. Ұстаз әр адамның жанына білім дәнін сеуіп, әр шәкіртін аялап, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.

Халқымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің»деген даналық бар. Өмірге бағдар беру, болашаққа нық сенімді азамат тәрбиелеу-ұстаз парызы.Осындай ұлағатты ұстаздың тәрбиесін менде алып келе жатырмын.

Түркістан облысы Сарыағаш қаласындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестік «Гульжан» бөбекжай балабақшасының құрылтайшысы Ускенова Камила Мельдеханқызының педагогтық қызмет атқарғанына отыз екі жыл болыпты.

Ол кісі ұжымның педагогтік жұмыстарды ұйымдастырып жүргізу қабілетіне, жеке тәрбиешілердің ізденісіне, білімділік, тәрбиелік деңгейіне аса мән береді.

Менің ойымша, кез келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі, ұстаздық өнер — тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген тегін айтылмаса керек. Дүниедегі сыйлы адам да ұстаз. Себебі, шәкірт өнер, білім, әдеп тәрбие, кәсіп үйреткен адамының алдында өзін өмір бойы қарыздармын деп санайды. «Ұстаз болу өз уақытыңды аямай, өзгенің бақытын аялау» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, уақытпен санаспай әр педагогтың  болашағы үшін алаңдайтын  апайымыздың еңбегі еш кетпейді деп түсінемін. Қанша жыл тер төгіп еңбек етсе де, «болдым, толдым, мен бәрін де білемін» деп айтпайды. Ол кісі үнемі ізденіс үстінде жүреді. Өмір бір орнында тұрмайды, үнемі алға жылжып отырады, осыған орай жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелеу, оқыту үшін үнемі ізденіп, білімін, біліктілігін арттырып отырады. Ұстазымыздың «Еңбек озаты» «Білім ісінің үздігі» «Ыбырай алтынсарин төсбелгісі» «Білімге зор үлес қосқаны үшін» деген төсбелгілері бар.                                                                                                         Ескендір Зұлқарнайын: «Даңқ пен абыройға кенелуімде мен бір адамға қарыздармын, ол – ұстазым Аристотель» десе, мен абырай мен даңққа кенелуміне  ұстазым Ускенова Камила Мельдеханқызына қарыздармын деп айтар едім. Өйткені жас ұрпаққа терең білім беруге ұстазым бар мүмкіншілікті жасап беруде.

Барлық топта жаңа ақпараттық технологиялармен толық қамтылған.

Педагог кәсіби шеберлікке жету,өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние еместігін түсіну қажет.                     Сондықтанда өскелең ұрпақтың болашағын жарқын етіп ,өміріне жолдама алуға жағдай жасағысы келсе ізденісті тоқтатпай,кәсіби шеберлік пен білім деңгейін арттыра түссе толық нәтижеге жететінін анық айтамын. Менің алдыма қойған мақсатым; Барлық тәрбиелік істе әрбір баланы жеке тұлға деп танып біліп жан-жақты қалыптастыру.                                                                                                 Мақсатым орындалу жолында ізденудемін. Педагогтердің мектепке дейінгі білім беруде жаңа технологияларды игеру-бала тұлғаның табысты дамуының кепілі.

 Жаңа педагогикалық технология кәсіби шеберлікті арттырудың негізі болып табылады.
«Жаңадан бастау» «жаңарту», «өзгерту» деген мағынаны білдіретін педагогикалық технологияның басты белгілерін былай тұжырымдауға болады:
-Оқыту үрдісінде жүзеге асатын келелі де маңызды педагогикалық мәселені шешуге бағытталады;
-Педагогикалық жаңаландыру мәселелердің жаңа шешімін ұстанады;
-Педагогикалық жаңаландыру жаңа педагогикалық үрдісінің жаңғыруына қол жеткізеді;
Білім беруді ақпараттандыру технологияны пайдалану арқылы дамыта оқыту,дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыратын жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы.
Педагогикалық технологиядағы басты міндет-баланың танымдық әрекетін жандандыра отырып,педагогтың кәсіби қызметін жаңғырту арқылы алға қойған мақсатқа толықтай жету.
Технологиямен жұмыс жүргізу 4 саты арқылы іске асады.
Олар: оқып меңгеру; тәжірибеде қолдану; шығармашылық бағытта дамыту; нәтиже.
 Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін идеялық
жағынан ғылыми негізде өмірмен байланысты ұйымдастырып, баланың қызығуын, білім құштарлығын таныту. Әр ұйымдастырылған оқу іс -әрекетінде балаларды ойлануға, өздігінен ізденіс жасауға баулып, ойын, ауызша, мәдениетті сөйлеуге үйрету арқылы дағдыландыру әрбір педагогтың абыройлы борышы.Ұйымдастырылған оқу іс -әрекетінде ақпараттық технологияларды пайдалана өткізілетін сабақтарды жоспарлаудың негізгі талаптары: психологиялық ахуал туғызу; балалардың ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қызығушылықтарын (ынта,ұмтылыс)тудыру; ақпараттық-коммуникативттік технологиялармен орындалатын жұмыстардың қызықты болуы; топтағы әр деңгейлі балалар ескерілуі керек; өзіндік пікір,идеялар,тұжырым,түсінік келтіру; өз бетінше орындауға берілген жұмыстарды шығармашылықпен орындауға үйрету; балалардың өзінің үйренгені мен өз түсініктерін ортаға салып, бірлесе талқылап, олар туралы пікір алысуға мүмкіндік жасау.
Инновациялық білім беру құралдарына: аудио,видео, құралдар, компьютер, интерактивті тақта,интернеть, мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендер, инновациялық ақпарат банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады. Қазіргі таңда көптеген интерактивтік бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы обьектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс табуда. Осындай құралдардың бірі-мультимедиялық оқулықтарды балабақшаларда кеңінен пайдалану. Бұл жағдайда тәрбиеші әр оқу іс -әрекеттерін бастар алдында жиі көрнекіліктер ауыстырмаған болар еді. Ал, мультимедиялық оқулықтар арқылы тәрбиеші уақытты тиімді және ұтымды пайдалануға болады.
Балабақша баласына мультимедиялық оқулықтар, слайд шоу, видео, электронды ойындар, электронды көрнекіліктер, электронды ойыншықтар біріншіден балалардың қызығушылығын арттырады, екіншіден зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге мүмкіндік алады.
Мультимедиялық оқулықтар балабақшада балаларға арналған таптырмас құрал болып табылады.Өйткені , балалардың зейіні әр түрлі әдемі түстерге , ойыншықтарға ,әдемі суреттерге, әсемдікке әуес болады.
Мультимедиялық құрал электронды оқулықтар бала үшінде, тәрбиеші үшінде күнде дамытылып отыратын анық түрдегі әдістемелік жүйе болып табылады.
Мектепке дейінгі мекемелерде ақпараттық қатынастық технология құралдарын
қолданудағы мақсат баланың танымдық қызығушылығын қалыптастыру, балада танымдық қызығушылықтың болуы олардың оқу іс-әрекеттерге белсенді,білімнің сапалы болуына жағымды мінез құлықтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Аталған педагогикалық технологиялар мен инновациялық құралдар балабақшада балалардың жас ерекшеліктерін ескерген,әр сатыға балалардың қабылдау мүмкіндіктерін ескерген жағдайда ғана пайдалануға болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдау процестері тұрақсыз келеді. Сондықтан олар затты қолмен ұстап,көзімен көргенді ұнатады. Осыған сәйкес, мектепке дейінгі балалардың оқу іс-әрекеттеріне көрнекілік,ойын технологиясын кеңінен қолданған жөн.
Балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру мақсатында жеке жұмыстар әр ұйымдастырылған оқу іс -әрекетінде, тәрбие сағаттарында жүргізіледі.Ән,би үйрету арқылы,әртүрлі қызықты әңгіме оқу арқылы,білуге қызығушылғын оятуға болады. Сондай-ақ баланың танымы тек таным қызметінде ғана емес,сонымен бірге еңбек ойын әрекетінде де орын алады. Әрекеттердің әртүрлілігі мен әдіс-тәсілдері баланың қабілетін арттырып,танымдық қызығуын оятады.

Ләззат САРЫБАЕВА

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *