Түркістан: Антикор еріктілер шалғай ауылдағы тұрғындарға құқықтық көмек көрсетті

 

Отырар ауданы Шәуілдір және Көкмардан ауыл тұрғындарына кеңес беру науқанында мобильді топ мүшелері тұрғын үй алудың тәртібі, тұрғын үйді жекешелендіру, зейнеткерлікке шығу, жұмысқа орналасу, алимент өндіру, егін алқаптарына су тарту, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды жүйелендіру және ауыл шаруашылығына жеңілдетілген несие алудың тәртібін түсіндіріп, заңгерлік кеңестер берді.
Заң көмегіне жүгінген тұрғындарға жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдесетін азаматтарға мемлекет тарапынан көрсетілетін көтермелеулер, берілетін сыйақы мөлшері туралы ақпарат берілді.
Түркістан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен ұйымдастырылған науқанда шалғай елді мекеннің 50-ден аса тұрғындарына жергілікті атқарушы орган және мемлекеттік орган өкілдері, антикор еріктілері, адвокаттар мен заңгерлер, сот орындаушылары құқықтық көмек көрсетті.
Сонымен бірге, Антикор еріктілер Отырар ауданындағы әлеуметтік нысандарға, демалыс аймақтарына, балалар ойын және спорт алаңшаларына қоғамдық бақылау жүргізді, сонымен бірге квазимемлекеттік сектор ұйымдарындағы комплаенс – қызметкерлермен және ішкі талдауға жауапты жұмысшы топ мүшелерімен кездесті.


Қоғамдық бақылау барысында анықталған кемшіліктерді қалпына келтіру бойынша әкімдік басшылығымен лездемелік мәжіліс ұйымдастырылып, хаттамалық тапсырмалар берілді. Тапсырмалардың орындалуы Департамент және аудандық Әкімдік бақылауында.
Айта кетсек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ мүшелері облыс аумағындағы елді-мекендер мен ауыл тұрғындарына тегін кәсіби – құқықтық көмек көрсетуді және әлеуметтік нысандарға ұоғамдық бақылауды жыл соңына дейін тұрақты түрде жүргізетін болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған