«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТҮЛКІБАСТЫҚ ВОЛОНТЕРЛАР 30 ТОННА КҮЛ-ҚОҚЫС ЖИНАДЫ

 

Республикалық «Таза Қазақстан» акциясының «Таза өлке» апталығы аясында Түлкібас ауданында тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Аудан әкімі Н.Ізтілеуовтың тапсырмасына сәйкес, елді мекендердегі арық-атыздар, аулалар мен көшелер тазартылды.

 

Қоқыс-қалдықтарды шығару жұмыстары ауданның 15 ауылдық округінде жүргізіліп, акцияға белсенді волонтерлар мен жастардан құралған жалпы саны 450 адам қатысты. Тазалық жұмыстары барысында 30 тонна күл-қоқыс шығарылды. Сонымен қатар, жастар аудан тұрғындарын тазалықты сақтап, көшет егу жұмыстарын бірлесе атқаруға шақырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *