Қазақстанда 103 мыңнан астам неке тіркелді

Жыл сайын 15 мамырда бүкіл әлем жұртшылығыБҰҰ бекіткен халықаралық отбасылар күнін атапөтеді. Осыған орай, «Азаматтарға арналған үкімет» арнайы статистика дайындады.

Мемлекеттік корпорация 10 айда 103 мыңнанастам неке тіркеген, ал 2024 жылдың басынан бері40 мың жаңа отбасы құрылды.

Неке саны бойынша көш бастап тұрған Алматы, Астана және Шымкент қалалары.

Сондай-ақ, 2023 жылдың шілдесінен бастапеліміздің 328 мың  азаматының тууы тіркелді.

Қазіргі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» Астанада, Қарағандыда, Алматыда жәнеҚостанайда некені салтанатты түрде тіркейді жәнебұл қызметті басқа қалаларда енгізуді жоспарлапотыр.

Сонымен қатар, баланың тууын салтанаттытіркеуді енгізу жоспарлануда.  Қазірдің өзінде туутуралы куәліктерді жеткізу және оларды ата-аналарына тікелей перзентханаларда табыстаубойынша Астананың медициналық мекемелеріменкеліссөздер жүргізіліп жатыр. Елордадағыпилоттық жоба сұранысқа ие болған жағдайда, жоба ауқымы кеңейетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеде«Азаматтарға арналған үкіметке»  азаматтық хал актілерін тіркеу функциялары берілген болатын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *