ТҮРКІСТАН: ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУДАҒЫ ОҢ ҚАДАМДАР

Қоғам өркениетіндегі рухани өмірдің ерекше саласы ғылым екендігі белгілі. Ғылым адамзат тарихының өн бойында дами отырып, қоғамдық сананың дербес формасына айналады. Өйткені, қоғамдағы барлық мәселелер көбінесе ғылымның араласуымен шешіледі. Сөйтіп, ғылым тәжірибе жүзінде анықталған нақты дәлелдемелер мен логикалық заңдарға сүйенетін қорытындылардың негізінде білім әлемін жасайды. Демек, білім мен ғылым бір-бірін толықтыра отырып, табиғат пен адамзат арасында байланыстырушы тізбек болып саналады.

Қуатты эканомиканы құрып, әлемдік аренада бәсекелестік көрсете алуымыз үшін ғылым мен инновацияны дамытудың маңызы зор. Мұны, бүгін Президентіміз тағы бір рет еске салды. «Біз ғалымдарға жағдай жасау керек деп жиі айтамыз. Бұл – құр сөз емес. Мемлекет тарапынан нақты жұмыс жасалып жатыр», — деді , Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев жуырда Алматыда Ғалымдар үйінде ғылыми қауыммен өткен кездесуде.

Кез келген оқу орнының ғылым саласындағы қол жеткізген жетістіктері – сол университеттің шынайы әлеуетін көрсететін бірегей сала. Осы ретте Ахмет Ясауи университетінің  өте маңызды әрі үлкен жауапкершілікті талап ететін ғылыми бағытта атқарған жұмыстары аз емес.

Университетімізде ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз ету негізінен мына мәселелерді қамтиды: іргелі, қолданбалы, іздестіру (бастамашыл) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық, инновациялық жұмыстар, тапсырыс, бөгде ұйымдармен шарт бойынша ғылыми зерттеулер; оқытудың инновациялық технологияларын және ғылыми зерттеулер нәтижелерін оқу процесі мен өндіріске әзірлеу және енгізу; зерттеу қызметінің инновациялық инфрақұрылымын қалыптастыру, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру тетігін құру және енгізу; зерттеушілер мен әзірлеушілердің зияткерлік меншігі мен авторлық құқығын қорғау.

«Қазіргі ғалымдарға қойылатын ауқымды міндеттердің бірі импакт-факторы нөлден кем емес Халықаралық базадағы жоғары рейтингілі басылымдарға мақала жариялау болып табылады. Бүгінгі таңда біздегі Sсopus бойынша хирш индексі бар ғалымдар саны 448 болса, ал жалпы  Sсopus базасында индекстелетін журналдарға 460 мақала жарияланды.

Бауырлас қос мемлекетке ортақ оқу ордамызда күні бүгінге дейін ғылыми дәрежесі әр түрлі деңгейдегі түркиялық 160-қа оқытушы сабақ берген екен. Ал енді Өкілетті Кеңестің қаржыландыруымен Түркия Республикасында магистратура, докторантура бағдарламаларын ойдағыдай бітіріп келген жастарымыз да аз емес. Олардың саны қазір елуге жақындап отыр.

Ғалымдарымыз ҚР БжҒМ Ғылым комитетінің Ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру бойынша 2020-2022 және 2021-2023 жылдарға жарияланған 7 конкурсқа қатысып, жалпы 84 ғылыми жоба ұсынды. Яғни 18 ғылыми жоба қаржыландырылды. Алдағы конкурстарға факультет пен ҒЗИ-лардың ұсынысы бойынша жоспар бекітілді

ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру бойынша университетте 17 (жалпы қаржы: 2021 жылға – 173,5 млн. теңге) жоба бойынша ғылыми жұмыстар жасалды.

ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша университетте 1 (жалпы қаржы: 2022 жылға – 43,8 млн. теңге) жоба бойынша ғылыми жұмыстар жүргізілді.

2021-2023 жж. арналған жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру бойынша -8 жобаға жалпы құны – 312,8 млн теңге қаражаттты игерді», дейді университеттің вице-ректоры А.Ошыбаева.

ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру бойынша 2020-2022 және 2021-2023 жылдарға 18 ғылыми жоба қаржыландырылды. Сонымен қатар алдағы конкурстарға факультет пен ҒЗИ-лардың ұсынысы бойынша жоспарланды.

2021-2023 жж. арналған жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру бойынша(аяқталған) жобаларға келетін болсақ, олардың бірқатары өз нәтижесін беруде. Сондай-ақ, ғалымдар  Б.Турметов, Қ.Усманов, «Инволютивті түрлендірулері бар интегралдық-дифференциалдық теңдеулер үшін көп нүктелі шеттік есептерді шешу әдістерін құру» тақырыбындағы, құны — 40 429 974 т.; «Бөлшек ретті дифференциалдық теңдеулердің шншімдерін құру әдістері және шеттік және бастапқы шеттік есептердің шешімділік мәселелері» тақырыбындағы құны — 50 729 750 т. , М. Султанов «Аномальды диффузияның дифференциалдық математикалық модельдері үшін сандық алгоритмдерді құру» тақырыбындағы құны — 490 000 теңге көлеміндегі   Ұлттық ғылыми кеңеспен мақұлданған гранттық жобаны  ұтып алып, 3 жылда толық игерді.

Ғылыми және ғылыми-техникалық жобалардың гранттық конкурстарына қатысып, қомақты қаржыны қанжығасына байлап жүрген белгілі ғалымдарымыз ф.-м.ғ.д., профессорлар Б.Турметов, Б.Калимбетов, ф.-м.ғ.к., профессор М.Сұлтанов, филос.ғ.к., қауым.профессор А.Балтабаева, фил.ғ.к., доцент Г.Жылқыбай, тех.ғ.к., доцент И.Айымбетова, соц.ғ.к., доцент м.а. Б.Тұрлыбеков, PhD докторлар Б.Сиздиков, А.Мейірбеков есімдерін атап өткеніміз орынды.

Жастар – біздің болашағымыз. Ақпараттық технологиялар қарыштаған ХХІ ғасырда жас маманның алған білімін ғылыммен ұштастырылуы да күн тәртібіндегі өзекті мәселе болып табылады. Сондықтан жас ғалымдарды жаңа бағыттарға баулу да назардан тыс қалмаған. Осы мақсатта 2022 жылғы ақпанда университетіміз бен Young Researchers Alliance кеңесімен Ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды.

2022-2024 жж. арналған жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру жүйесіне тоқталар болсақ:

Гурсой М. «Келес өзенінің төменгі ағысындағы обаларды археологиялық және пәнаралық ғылымдар аясында зерттеу»; -49 074 084,31 т.;

Раманкулов Ш.  «Инженерлік-техникалық салаларда steam білім беру негізінде студенттерді ағылшын тіліне дайындау үрдісін дамыту» құны–  30 630 464,84 т. жобасын ұтып алып, ұазіргі таңда жоба жалғасуда.

Жас ғылымдарымыз соңғы жылдары көптеген ғылыми жобалар конкурсына қатысып, нәтижелі зерттеулерге қол жеткізуде. Атап айтқанда: жас ғалым И.Айымбетова Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің  құны 51 000 000 т. «Smart-шыны өндірісі үшін өнеркәсіп қалдықтарынан алынған ванадий оксидтері негізінде термохромды энергия тиімді толтырғыштардың құрамын зерттеу және әзірлеу» тақырыбындағы гранттық жобасын ұтып алып, зерттеу жүргізіп 2023 жылы толық игеріп шықты. Жас ғалым Б.Сыздықов «Тарихи-мәдени мұра нысаны – ортағасырлық Сығанақ қалашығында кешенді археологиялық зерттеулер жүргізу» тақырыбындағы ғылыми зерттеу жобасына -145 800 000 т., Музафар  Гурсой «Келес өзенінің төменгі ағысындағы обаларды археологиялық және пәнаралық ғылымдар аясында зерттеу» тақырыбындағы зерттуіне 2021 жылы 49 074 084,31 т.  көлемінде гранттық қаржы ұтып алып, 2023 жылдың қараша айында Ғылым комитетіне зерттеудің есебін тапсырды. Жас ғалыым А.Балтабева «Ұлы Жібек жолы сопылық тарикаттар мұрасының қазақ қоғамы мәдени кеңістігіне интеграциясы» тақырыбындағы зерттеу жұмысына — 64 258 057 т. гранттық қаржыны игеріп, зерттеу нәтижелерін ұсынды.

Жалғасы бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *