2023 жылы Мемлекет басшысының бастамасымен еліміздің облыс орталықтары мен мегаполистерінде 20 Еңбек мобильділігі Орталықтары құрылған болатын. Ал жұмыс істеп тұрған халықты жұмыспен қамту орталықтары «Мансап Орталықтары» болып қайта құрылды. Сол тұста, Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығы» құрылып, өз қызметін 2023 жылғы 1 шілдеден бастап кетті. Аталмыш орталыққа 22 жыл әлеуметтік салада қызмет етіп, әлеуметтік бағыт өмірінің өзегіне айналған Ақмарал Жолаева басшылық етеді. Орталықтың атқарған жұмыстары мен тыныс-тіршілігінен хабардар болу үшін басшымен сұхбаттасуды жөн көрдік.
— Мамандығы жоқ, жеке кәсібі жоқ қарапайым азаматтар үшін Жобаның қандай бағыттары әлеуметтік жағынан тиімді? Орталыққа жүгінген осы санаттағы азаматтарға арналған жобаның бағыттары бар ма?
— Ұлттық жобаның бағыттарының бірі «Қоғамдық жұмыс орны» деп аталады. Бұл уақытша сипатта ұйымдастырылатын жұмыстар. Қатысушылардың жас ерекшелігіне шектеу жоқ. Меншік нысанына да шектеу қойылмаған. Жұмыс беруші тарапынан сұраныс болса ұйымдастыра береміз. Негізгі басым бағыттар: экономика және экология, тазалық, қаланы абаттандыру, көгалдандыру және құжат өңдеу салалары бойынша болды. Жарты жылдық нәтижесінде 650 адам жоспарланған, бүгінде 804 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды. Бұл бағдарлама жыл соңына дейін жалағасатын болады. Бұдан кейінгі белсенді шара «Әлеуметтік жұмыс орыны» деп аталады. Бұл жұмыс берушінің сұранысы негізінде ұйымдастырылатын жұмыс орындары. Мұнда да ерекше қойылатын талап жоқ, жүгінген азаматтардың кәсіби біліктілігіне шектеу қоймаймыз, яғни бұған мамандығы жоқ азаматтар да қатыса алады. Әлеуметтік жұмыс орындары бағытында жұмыс беруші бекіткен, өтінімде көрсеткен жалақы мөлшерінің 35 пайызын мемлекет субсидиялайтын болады. Бұл әрине, жұмыс берушілерге де қолдау деп есептеймін. Бұл бағытқа жеке сектордағы нысандар қатыса береді. Биыл қаламызда 10-15 жұмыс беруші аталған бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Олардың қатарында жиһаз цехы, текстил(тоқыма) өндірісі, тігін цехтары бойынша жұмыс орындары, қоғамдық тамақтандыру мекемелері бар. Жалпы, биыл біз 226 жұмыссыз азаматты (120 адамды қамту жоспарланаған еді) әлеуметтік жұмыс орындарына бағыттап, жұмыспен қамтыған болатынбыз өткен жылы.
«Қоғамдық жұмыс орны» деп аталатын бағдарлама жоғарыда айттық бұл уақытша сипатта ұйымдастырылатын жұмыстар. Қатысушылардың жас ерекшелігіне шектеу жоқ. Меншік нысанына да шектеу қойылмаған. Жұмыс беруші тарапынан сұраныс болса ұйымдастыра береміз. Негізгі басым бағыттар: Қоғамдық жұмыстар жұмыскердің алдын ала кәсіптік даярлығын талап етпейді және әлеуметтік пайдалы бағытқа ие. Қоғамдық жұмыстарға табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою қажеттілігіне байланысты қызмет түрлері жатпайды. Қоғамдық жұмыстардың мынадай ерекшеліктері бар: 1) жұмыстарды толық емес жұмыс күні шарттарында немесе икемді кесте бойынша ұйымдастыру мүмкіндігі; 2) өңір үшін экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тұрғыдан пайдалы; 3) арнайы білімі жоқ адамдарға уақытша жұмысқа орналасуға мүмкіндік беріледі. Төрт айлық нәтижесінде 13950 адам жоспарланған, нәтижеде 11101 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды. Бұл бағыт жыл соңына дейін жалағасатын болады. Бұдан кейінгі белсенді шара «Әлеуметтік жұмыс орны» деп аталады. Бұл жұмыс берушінің сұранысы негізінде ұйымдастырылатын жұмыс орындары. Мұнда да ерекше қойылатын талап жоқ, орталыққа жүгінген азаматтардың кәсіби біліктілігіне шектеу қоймаймыз, яғни бұған мамандығы жоқ азаматтар да қатыса алады. Әлеуметтік жұмыс орындары бағытында жұмыс беруші бекіткен, өтінімде көрсеткен жалақы мөлшерінің 35 пайызын мемлекет субсидиялайтын болады. Бұл әрине, жұмыс берушілер үшін де үлкен демеу болады деп есептеймін. Бұл бағытқа жеке сектордағы нысандар қатыса береді. Биыл облысымызда 3 мыңға жуық жұмыс беруші аталған бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Олардың қатарында жиһаз цехы, тоқыма өндірісі, тігін цехтары бойынша жұмыс орындары, қоғамдық тамақтандыру мекемелері бар. Жалпы, биыл біз 3 066 жұмыссыз азаматты (негізі 4 680 адам жоспарланған) әлеуметтік жұмыс орындарына бағыттап, жұмыспен қамтып отырмыз.
— Жұмыссыздық деңгейі қай дәрежеде және оның әлеуметтік сипаты туралы таратып айтсаңыз.
— Түркістан облысы бойынша еңбек индикаторында талдау жүргізетін болсақ, биыл бізде экономикалық белсенді тұрғындар 850 мың адамды құрайды. Олардың қатарында жұмыссыздар үлесі 4,9 пайызды құрайды. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2 пайызды құрайды бүгінгі таңда. Жыл басынан бері орталыққа жүгінген 33 мыңға жуық азамат жүгініп, жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысты. Олардың қатарында 13 мыңнан астам азамат жұмыссыз жастар санатындағы азаматтар, қалғандары 35 жастан асқан, зейнет жасына дейінгі орта жастағы азаматтар. Жалпы, жұмыссыздықтың әлеуметтік сипатына талдау жасау біздің орталықтың функциясына енбейді. Онымен басқа мекеме айналысады. Дегенмен, болжалды көрсеткіш: жұмыссыз ретінде тіркелген облысымыздағы дені 30 жаспен 62 жас аралығындағы орта жастағы азаматтар болып отырғанын көрсетеді.
— Жұмыссыздық деңгейін төмендету барысында тағы да қандай шаралар атқарылып жатыр?
— Бағдарламаны жүзеге асыруда мамандығы жоқ немесе өз мамандығы бойынша жұмыс таппай жүрген тұлғаларды қайта даярлау курстарына оқытып жатырмыз. Бізде кәсіби оқытуда екі бағытта жүргізеді. Бірінші кезекте жұмыс берушілердің сұранысы бойынша арнайы оқу ұйымдарында оқытатын болсақ, екінші жұмыс берушінің сұранысы бойынша жұмыс орындарында оқыту деген екі форматта жүзеге асады. Яғни, бұл дуальды оқыту деп аталады. Биылға 1315 азаматты осы қайта даярлау курсында оқытып нәтижелі жұмыспен қамтуды жоспарлап отырмыз. Оқу ұйымында оқытатын кәсіби оқу бағыты бойынша аспаз және тігінші мамандығын қарастырып отырмыз. Өйткені, жұмыс беруші тарапынан осы мамандықтарға өтінім болып отыр. Яғни, еңбек нарығында осы мамандықтарға сұраныс бар. Қайта даярлау курстары қыркүйек айынан басталады. Ал, жұмыс орнында дуальды оқыту форматында біз 280 азаматты оқытуымыз керек. Мұнда экурсовед (гид) мамандығы бойынша курстан өтетін болады. Түркістан облысы туристік аймақ болғандықтан осы мамандыққа сұраныс болғандықтан жұмыс беруші тарапынан өтінім түсті. Оқу ұйымдарымен келісімшарттар түзілген. Курста 3 ай мерзімде оқиды. Мемлекет тарапынан 3 айға белгіленген мөлшерде шәкіртақы төленеді. Курсты бітірген азаматтарға сертификатпен бірге жұмыс орнына жолдама беріледі. Жұмыс берушінің өтінімімен оқытылғандықтан бітірушілер нәтижелі жұмыспен қамтылатын болады.
— Жалпы, осы Ұлттық жобалар жұмыссыздық деңгейін төмендетуге ықпал етеді деп ойлайсыз ба?
— Әрине. Біз биыл 98 мыңға жуық азаматқа қызмет көрсету жоспарланған. «Жастар практикасы» бойынша 1442 жасты өз мамандығына сәйкес жұмыспен қамтыдық, ол көрсеткіш жыл соңына дейін 8 500-ге жетпек. Жоғарыда айтып өттім, оның мерзімі жарты жылдан 1 жылға ұзартылды. Кез келген саналы жас осы уақыт ішінде өзін жақсы қырынан танытып, сол мекемеде тұрақты жұмысқа қалуға ұмтылады. Біз жұмыс берушіге осы азаматтардың барлығын жұмысқа аласыз деп талап қоя алмаймыз. Мысалы, 10 жас түлекті бағыттайтын болсақ, жұмыс беруші соның ішінен сенімін ақтаған 3-4 түлекті тұрақты жұмысқа алып қалады. Сайып келгенде, мұның бәрі жастарды қолдауға, жұмыссыз азаматтарға беріліп отырған мүмкіндік. Жыл өткен сайын көрсеткішіміз жақсарып келеді. Жұмыссыздарды қолдауға бөлінген қаржы көлемі де жылдан жылға ұлғайып келеді. Мүмкіндіктеріміз де кеңейіп жатыр. Бұл әлбетте, белгілі бір деңгейде жұмыссыздықтың азаюына ықпал етеді деп ойлаймын.
Түркістан қаласы бойынша еңбек индикаторында талдау жүргізетін болсақ,биыл бізде экономикалық белсенді тұрғындар 66 мың адамды құрайды. Олардың қатарында жұмыссыздар үлесі 5 пайызды құрайды. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,5 пайызды құрайды бүгінгі таңда. Жыл басынан бері орталыққа жүгінген 3 мыңға жуық азамат жүгініп, жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысты. Олардың қатарында 450 азамат жұмыссыз жастар санатындағы азаматтар, қалғандары 29 жастан асқан, зейнет жасына дейінгі орта жастағы азаматтар. Жалпы , жұмыссыздықтың әлеуметтік сипатына талдау жасау біздің орталықтың функциясына енбейді. Онымен басқа мекеме айналысады. Дегенмен, болжалды көрсеткіш: жұмыссыз ретінде тіркелгендер түркістандықтардың дені 30 жаспен 62 жас аралығындағы орта жастағы азаматтар болып отыр.
— Ашық әрі боямасыз әңгімеңіз үшін рақмет. Алдағы ісіңізге сәттілік тілеймін!