Дзюдошы Дидар Хамза басшылық қызметке тағайындалды

 

Дидар Хамза Маратұлы Түркістан облысы дене ынықтыру және спорт басқармасының №3 Түркістан қалалық балалар мен жасөсіпірімдер спорт мектебінің директоры қызметіне тағайындалды.

Дидар Хамза – 2018 жылғы Азия чемпионы, Рио (2016) және Токио (2021) Олимпиадаларының қатысушысы, Гран-при, «Үлкен дулыға»турнирлерінің жүлдегері.

Дидар Хамза 2023 жылы Қытайда өткен Азия ойындарынан кейін кәсіби мансабын аяқтаған еді. Бірақ биыл ұлттық құрамаға оралып, Тәжікстан астанасы Душанбеде өткен Grand Slam жарысына қатысты.

Түркістанда кеше ғана өткен «Оңтүстік Қазақстан»газетінің 100 жылдығына орай ұйымдастырылған жарыстың түйе палуан жеңімпазы. Отбасы туралы айтсақ, спортшылар жан ұясында тәрбиеленген.Әкесі Файзиев Марат Хамзаұлы Қазақ және Дзюдо күресінен ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы. Ағасы Хамза Дулат Маратұлы дзюдо күресінен ҚРСШ ТО ОЕ ЖСШМ нің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Дидар Маратұлына ендігі жерде спорттық қана емес, ұстаздық қызметте де үлкен белестерге жете беріңіз деп тілейміз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *