Ел Президенті Қасым Жомарт Тоқаев Х Азаматтық форумның ашылуында азаматтық қоғам құру – біз үшін негізгі басымдықтың бірі» екенін айтты.
Осы орайда мемлекет басшысының бастамасымен басталған әрбір бастама жалпы азаматтық қоғам құру, азаматтық бастама білдіру бүгін пайда болған жаңалық емес. Бүгінде Түркістан өңірінде 256 үкіметтік емес ұйым бар, оның ішінде 60-70 шақтысы белсенді жұмыс атқарып келеді. Мұндай ұйымдар азаматтық қоғам үшін аса қажет. Көбіне үкіметтік емес ұйымдарды «үшінші сектор» деп те атайды. Яғни, бірнеше адам бірлесіп жұмыс істейді. Олар қоғамда азаматтардың белсенділігін оятады, пайдалы жұмыстармен айналысады. Атап айтқанда, адам құқығын қорғау, экология, гендерлік мәселелер, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қол ұшын созу, мүдделерін қорғау, т.б. Яғни, азамат пен мемлекет арасында делдал болып, биліктің қызметіне қоғамдық бақылауды жүзеге асырады. Осындай үкіметтік емес ұйымдардың бірі «ЭКО Атамекен» қоғамдық бірлестігі 2006 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Оның қызметі ауыл жастарының белсенділігі мен еріктілігін арттыру, патриоттық сезімдер мен ынтымақтастықты қалыптастыру, қоршаған ортаның экологиясын сақтау. Қоғамдық бірлестік экологиялық жобаларды Қаратау мемлекеттік табиғи қорығымен бірлесіп атқарып келеді. «ЭКО Атамекен» қоғамдық бірлестігі әртүрлі халықаралық және жергілікті қорлар мен ұйымдардың қаржылық қолдауымен жүзеге асырылатын аймақтық ҮЕҰ-ны дамытуға бағытталған жобаларға қатысып, қолдау тауып келеді. Айталық, Қазақстан Республикасы Ақпараттық және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранттық бағдарламасы аясында «Береке» қоғамдық бірлестігі жүзеге асыратын «Түркістан аймағындағы ауылдық ҮЕҰ әлеуетін арттыру» жобасы шеңберінде «Салауатты өмір салтын насихаттау арқылы жастардың әлеуетін күшейту» тақырыбында жастар арасында нашақорлықтың, алкоголизмнің және темекі шегудің зияны мен салдары туралы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Осы жылдар ішінде «ЭКО Атамекен» бірлестігі айтарлықтай өте көп білім мен тәжірибе жинақтап, соның арқасында әртүрлі жергілікті қорлар мен халықаралық ұйымдардың жарыстарына кең көлемде қатысуға мүмкіндік берілді. 2019 жылы мүгедектерді қолдау мақсатында қауымдастық мүшелері мен қызметкерлері ВЕШЕНКИ саңырауқұлақтарын өсіруге арналған жылыжай ашудан тұратын «саңырауқұлақ стартапын» іске қосуға шешім қабылдады. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ есебінен шағын бөлмеде саңырауқұлақ споралары өсетін контейнерлері бар бірнеше тірек орнатылды. Саңырауқұлақтарға күтім жасау үшін есту қабілеті нашар және көзі нашар көретін екі жас мүгедек жігітті жұмысқа шақырды. Олар көп ұзамай сурдоаудармашының көмегімен балалардың бірінің анасына жұмыстың барлық қыр-сырын үйретті. Қазір олар өздерінің хоббилеріне өте мұқият қарайды. Сонымен қатар, жұмыстарына жауапты қарап, жалақы алып отыр. Отбасыларына көмектеседі және өзін қоғамның толық мүшесі ретінде сезінеді. Осылайша, «ЭКО Атамекен» қоғамдық бірлестігі әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуына түрткі болды.
Жобаның мақсаты – Түркістандағы студенттер мен оқушылардың бастамаларын кешенді жүзеге асыру арқылы «жасыл технологиялардың» әлеуетін дамыту. Ал қамту аймағы – Түркістан, Кентау қалары және Отырар аудандары мектеп және колледждері. Жасөспірімдерді белсенді қатысуға тарту және экологиялық таза технологияларды енгізу мақсатында жоба аясында жалпы білім беретін мектептер мен колледж студенттерінің бастамасымен шағын жобалар байқауын өткізуді жоспарланған болатынбыз. Байқау барысында «жасыл технологияларды» енгізу бойынша ең жақсы идеялар таңдалды. Олар біздің ұйымының бақылауымен және қолдауымен білім беру мекемелерінде іс жүзінде енгізілетін болады, — деді ол. Бұдан бөлек, былтыр ұйым «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранттық бағдарламасы аясында «Түркістан аймағындағы ауылдық ҮЕҰ әлеуетін арттыру» жобасының жүзеге асырылуына ықпал етті. Түркістан облысының 14 аймағында тренинг-семинарлар өткізілді. Конкурс барысында 8 ҮЕҰ және 2 бастамашыл топ жеңімпаз атанды. Қазіргі таңда 10 жоба облыстың сегіз ауданында жүзеге асырылуда. Осы жылдар ішінде ұйым адам ресурстарын дамыту саласындағы әлеуетін арттыра алды. Қазір қауымдастықта тұрақты негізде 4 қызметкер, сондай-ақ әлеуметтік кәсіпорындағы жұмысқа тартылған 2 қызметкер бар. Біздің қоғамдық бірлестік өзін тең құқылы серіктес ретінде танытып, түрлі ұйымдармен және мекемелермен байланыс орната алды. Қазіргі кезде жергілікті қоғамдастықтардың әлеуетін дамыту, әртүрлі халықаралық донорлармен және қазақстандық ұйымдармен серіктестік қарым-қатынас құру саласындағы жинақталған тәжірибе мен білімімізді Түркістан облысының ауылдық жердегі ҮЕҰ-на үйретудеміз, — дейді Гүлнар Жолаушықызы. Айта кетейік, Гүлнар Ниязова Түркістан қаласы әкімдігі жанындағы ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің мүшесі. Қауымдастық басшысының белсенді азаматтық ұстанымы, Түркістан облысының Азаматтық Альянсымен бірге үкіметтік емес сектордың мүдделерін ілгерілету мақсатында өткізетін іс-шараларға үзбей қатысып келеді. Жалпы азаматтық қоғам құру, азаматтық бастама білдіру бүгін пайда болған жаңалық емес. Ол әлқиссадан бері біздің бүгінімізбен қаз-қатар дамып келе жатқан институт.
Азаматтық қоғам алғаш рет өткен ғасырдың алпысыншы жылдары студенттік қозғалыстар ретінде пайда бола бастаған. Ал бүгін Қазақстанда ғана емес, жалпы әлемде бірнеше мыңдаған азаматтық бастама топтары бар. Зерттеулерге қарасақ, азаматтық бастамашылар бүгінде қоғамдық пікірді тудырушы ғана емес, сол қоғам мүшелерінің назарын ең өзекті мәселелерге аударып, оларды шешуге атсалысып жүрген қоғамда орны бар институтқа айналды. Қазақстанда азаматтық қоғамның даму тарихы Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялаған кезеңнен бастап азаматтық қоғам институттарының қалыптасуы мен даму тарихы еліміздің шежіресінде таңбаланып келеді. Қазақстанда азаматтық қоғам өз құрылуы мен дамуында екі тарихи кезеңнен өтті. Біріншісі өткен ғасырдың 90-жылдары бұрынғы посткеңестік мемлекеттерде демократиялық реформалармен сәйкес келеді. Дәл осы уақытта азаматтық қоғам институттарының алғашқы қарлығаштары — тәуелсіз кәсіподақ ұйымдары құрыла бастады. Олардың мақсаты — экономиканың үкіметтік емес секторының жұмысшыларының мүддесін қорғау болды. Сәл кейін әлеуметтік қорғау коалициясы пайда болды. Бұл коалицияға сол уақыттағы аса өзекті әлеуметтік мәселелердің түйінін тарқату үшін әлеуметтік әріптестік негізінде 28 әртүрлі ұйымдар, партиялар, қозғалыстар бірікті.
Жалғасы бар.