МЕКТЕП ОҚУЛЫҚТАРЫ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

Сөйтіп 3 жыл көлемінде жаңа білім беру стандартына көшеміз

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, келесі жылы 3, 4, 7, 8 және 9-сыныптарға арналған оқулықтар жаңартылмақ.

Сонымен қатар 2027 жылы 1 және 5-сыныптарға жаңа оқулықтар шығару, сондай-ақ 10-11 сыныптарға арналған оқу құралдарын жаңарту жоспарланған. Бұл ретте карталар, тарихи және әкімшілік материалдар толықтай ауыстырылады.

Ал 2028 жылы 2 және 6-сыныптарға арналған жаңа оқулықтар әзірленеді. Ведомство мәліметінше, оқу қорын кезең-кезеңімен жаңарту жаңа білім беру стандарттарын жүйелі түрде енгізуге мүмкіндік береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *