Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Біз агроөнеркәсіп кешенінде нақты серпіліс жасауымыз керек. Ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті орасан зор. Бірақ біз қолда бар мүмкіндіктерді әлі де толық пайдаланбай отырмыз.
Қазақстанның айналасында өнім өткізетін өте үлкен нарықтар бар. Онда сапалы азық-түлік өнімдері тапшы. Қазақстанның стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу. Осы мақсатқа қол жеткіземіз десек, ең алдымен, өнімді жоғары деңгейде өңдеуге көшуіміз қажет. Онсыз болмайды. Біз алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізуіміз керек. Бұл – нақты міндет. Жұртты өнім өңдеуге ынталандыру керек. Ол үшін салық саясатын қайта қарау қажет»,-деген болатын.
Қарашық ауылдық округінің жері шұрайлы, малға да егінге де өте қолайлы. Қазіргі таңда ауылда ірі қара мал басы 4833, қой — ешкі 8 253, жылқы — 856, түйе — 242, құс саны 2213-ке жеткізілді. Ауыл округінің жалпы ауылшаруашылық жері -15 268 гектарды құрайды. Оның ішінде суармалысы-3295 гектар, жайылымдық жері-11617 гектар. Оның ішінде Ащысайда — 3600 гектар, Қаратөбеде — 3708 гектар. Шабындық жері-287 гектар. Қарашық ауылдық округі бойынша 5,49 га жылыжай бар. Азық түлік белдеуі бойынша 174 гектар жерге жаңбырлатып суғару технологиясын орнату жұмыстары жүргізілді. 2024 жылы 3295 гектар егістік жерге егілген дақыл түрлеріне келетін болсақ күздік бидай, жүгері, мақта, жоңышқа егіліп, сонымен қатар көкөніс және бақшалық дақылдар отырғызылды. Егістік жердің игерілуі тапсырма 3295 гектар болса орындалғаны 3295 гектар болып тапсырма 100 пайызға орындалды. Бүгінгі күнге төрт дана ауылшаруашылық жаңа техникасы алынып, жалпы құны 43,058 млн теңге инвестиция тартылды.
Көктемгі далалық жұмыстарына Үкімет тарапынан берілетін арзан бағадағы жанар жағар майға 58 шаруа қожалығы электронды түрде Gosagro.kz порталы арқылы тапсырыс беріп, 3883,3 гектар жерге 169,44 тонна жанар жағар май алу үшін өтінім беріліп, 150 тонна жанар жағармай алынды. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына екі инвест жобаның құжаты рәсімделуде. «Рахат» шаруа қожалығының иесі Айтметов Хакимжан, 200 млн теңгеге малшы үйі және мал қора салуға инвестициялық жобаны жүзеге асыруда. Бабаханов Махмуд, малшы үйі және мал қора салуға инвестициялық жобасы 20 млн теңге тұрады. «Береке» шаруа қожалығы МТЗ 80 және «Әйгерім» шаруа қожалығы МТЗ 922.3 тракторлары қосымша статистика басқармасына өткізілді. Бұл жоба құны 20 млн теңге тұрады. «Көктемнің бір күні жылға азық» деп есептейтін бейнеткеш диқандарымыз өндіріске жаңбырлатып, тамшылатып суғарудың әдіс тәсілін меңгеріп, жаңа технологияларды енгізе отырып, жылына екі-үш рет өнім алуға болатындығына көз жеткізді.
КӘСІПКЕРЛІККЕ ЖАН-ЖАҚТЫ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛУДЕ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Ет, сүт, астық өнімдерін терең өңдеу және өндірістік жылыжай шаруашылықтарын дамыту сияқты біз үшін болашағы зор бағыттарға басымдық берген абзал. Сонымен бірге өз еліміздегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының әлеуетін қаперден шығармаған жөн»,-деген болатын.
Міне, осы орайда Қарашық ауылдық округінде кәсіпкерлерге облыс әкімі және ауданы әкімі тарапынан да барынша қолдау көрсетілуде. Қазіргі таңда ауылдық округте кәсіпкерлік және жұмыспен қамту саласында ауылдық округі бойынша бір мақта зауыты бар. Цехтар саны 14-ке жеткізілді. Дәріханалар саны төртеу. Кәсіпкерлік нысандар саны 65-ке жетті. Бір жанармай бекеті және үш газ құю бекеті тәулік бойы жұмыс істейді. Жеке балабақшалар саны үшеу. Екі тіс емханасы бар. Ауыл іргесінде үлкен мал базары жұмыс жасап тұр. Жаңадан жеке кәсіпкер Хабибулла Азимов – 900 орындық «Яссауи зияткерлік мектебі» жеке меншік мектеп құрылысын салып аяқтады. Жоба құны 1 млрд 400 млн теңге тұрады.
ИНВЕСТИЦИЯ ӨНДІРІСКЕ ТЫҢ СЕРПІН БЕРУДЕ
Үлкенді кіші деңгейдегі әкімдердің жұмысының бір бағаланатын тұсы бұл сол өңірге инвестиция тартуымен ерекшеленеді. Мәселен, 2024 жылы Қарашық ауылдық округі бойынша жалпы 2,5 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланса 6 айда 590,2 млн теңге инвестиция тартылды. Қазіргі таңда он жобаның шаруасын оңтайынан келіп тұр. Мәселен Qarashyq – M кәсіпорны 600 миллион теңгеге 500 орынды мектеп салып, 120 адамды жұмыспен қамтуды мақсат етіп отыр. Каратаев Шакарим 150 миллион теңгеге дәмхана және азық-түлік дүкені жобасын бастады. Атабек Азимов 1500 орынды спорт кешеніне 1300 млн теңге жұмсап, 150 адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр. Шухрат Азизбеков 130 миллион теңгеге 150 орынды тойхана, азық-түлік дүкені, дәріхана құрылысын бастады. Сөйтіп 15 адамды жұмыспен қамтымақ. Сайфулла Мараимов 120 миллион теңгеге дәмхана, азық-түлік дүкен және дәріхана салуда. Атажан Салиев 200 миллион теңгеге желдету жүйесі үшін ауа құбырларын өндіруге кірісті. Өндіріс толық қуатында жұмыс істеген кезде 35 адам жұмыспен қамтылмақ.
Біздің Қарашық ауылдық округінің мақтанышына айналған тағы бір қыры мұндағы тұрғындардың жиһаз жасауға машықтануы. Мәселен Закир Алакбаров 250 миллион теңге жұмсап, жұмсақ жиһаз жасау арқылы 30 тұрғынды жұмыспен қамтымақ. «BAHT MEBEL» кәсіпорнының басшысы Алишер Бахитов 230 миллион теңгеге жұмсақ жиһаз жасау жобасына кірісті. Жоба жүзеге асқан жағдайда 25 адам жұмыс істейтін болады. Жеке кәсіпкер Арифжан Дадахановтың «A.RLUX» компаниясы 200 миллион теңгеге жұмсақ жиһаз жасау жобасын қолға алды. Охунжан Сатибаев 200 миллион теңгеге отбасылық, тұрмыстық жиһаз жасау жобасын бастады. Бұл жобалардың барлығы толық өндірістік қуатында жұмыс істейтін болса, онда Қарашық пен Құмтүйіннің тұрғындары толығымен жұмыспен қамтылмақ. Қазірдің өзінде де ауыл тұрғындарының дені Түркістанға қатынап өндіріс орындарында, мемлекеттік мекемелерде жұмыс істеуде. Кәсіпкерлердің бастамашылығын ауылдастарымыз да қуаттауда.
ЕЛДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРЫМЫЗДА
Жақында Қазақстанның Үкімет басшысы Олжас Бектенов үлкенді кішілі әкімдердің жұмысы тұрғындардың әлеуметтік тұрмыс жағдайына қатысты бағаланатындығын ескертті. Қарашық ауылдық округінің тұрғындарының жағдайы осыдан бес жыл Түркістан облысының ашылуына және Сауран ауданының үш жылда серпінді дамуына байланысты тез көтеріліп келеді. Себебі, ауылдағы тұрғын үйлер мен жердің бағасы ондаған есе көтерілді. «Елге ел қосылса құт» дегендей Қарашық пен Құмтүйінге қоныс аударығы келетіндердің қарасы мол. Қарашық ауылдық округі Саураннан гөрі Түркістанға жақын орналасқан. Қазіргі таңда екі елді мекеннен Құмтүйін және Қарашықтан тұрады. Орталық ұзына бойына Шайық көшесіне орналасқан. Жалпы халық саны 11281 адам. Қарашық ауылы әкімі аппаратына 2024 жылда барлық шығындарын өтеуге 104 млн 189 мың теңгеге қаржыландырылып, бөлінген қаржы кезең-кезеңімен толық игерілуде.
Ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша да бірқатар жұмыстар атқарылды. 2024 жылы атаулы әлеуметтік көмекке шартты 31 отбасыға, 1 отбасыға шартсыз көмек тағайындалды.
Ауылда тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға демеушілер есебінен 15 отбасыға азық-түлікпен ай сайын көмек берілді. 7 отбасы қатты отынмен қамтамасыз етілді. Қамқорлық бағдарламасы бойынша 3 отбасыға ай сайын жеке кәсіпкерлерден азық түлік берілуде.
Ауыл тұрғындарының ұйымдастыруымен бір отбасының үйіне жөндеу жұмыстары жасалса, бір отбасыға тұрғын үй құрылысы салынып бітуге жақын. Құмтүйін елді мекенінің тұрғыны Шүкірбаева Гүлжанға жыл соңына дейін үй салып беру жоспарлануда.
ГҮЛДЕНСЕ АУЫЛ — ГҮЛДЕНЕМІЗ БӘРІМІЗ
Мемлекет басшысы ауылдарды дамытуға барынша назар аударып отыр. Оның нақты дәлелі Президент болып сайланған бойда «Ауылдарды дамыту туралы Жарлығына қол қойды. Мемлекет басшысының осы жарлығын іске асыру үшін Үкімет Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекітті.
Құжатта «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында республика бойынша ауыл тұрғындарының 90%-ы өмір сүріп жатқан даму әлеуеті жоғары 3,5 мың ауылдық елді мекенді (АЕМ) кешенді жаңғыртуға баса назар аударылған. Мұндай елді мекендер адамдардың еңбек етіп, өмір сүруіне қолайлы жағдайлар жасау есебінен экономикалық өсудің жаңа нүктелеріне айналады.
Негізгі мақсаттардың бірі – ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту. Атап айтқанда, жаңа мектептер мен медициналық нысандар салынып, сумен және электрмен үздіксіз жабдықталады, кең жолақты интернет және ғарыштық байланысы тартылады, ауыл жолдарының сапасы жақсарып, кітапхана, клуб, музей және кинотеатр, спорт ғимараттары сияқты мәдени нысандар салынады, халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылады.
Тұрғын үй құрылысын жандандыру үшін жаңа жер учаскелеріне инженерлік коммуникацияларды жүргізу жұмыстары жалғасады. Бұл ретте ауылдық елді мекендерде өз қызметкерлеріне үй салып берген жұмыс берушілердің шығындары жалпы алаңы 100 шаршы метрден аспайтын үй құнының 50% мөлшерінде субсидияланатын болады.
Ауыл тұрғындарының табысын арттыру мәселесін агроөнеркәсіп өндірісін жандандыру, кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту арқылы шешу жоспарланып отыр. Осылайша, шағын шаруашылықтарды біріктіру және ауыл шаруашылығы кооперативтерін ұйымдастыру фермерлерге тұқым, тыңайтқыш, жанар-жағармай материалдары, жем-шөп, агротехникалық және ветеринариялық қызметтер шығындарын қысқартуға, жер учаскелерін, ауыл шаруашылығы техникасын, ирригациялық және дренаждық жүйелерді бірлесіп пайдалану есебінен өндірілген өнім көлемін арттыруға, сондай-ақ делдалдарсыз тұрақты түрде тауар өткізіп отыруға мүмкіндік береді.
Кезінде Бейімбет Майлин айтқан осы қанатты сөз біздің өңірге арналғандай. «Елде бар ерінге тиеді» дейтін атамыз қазақ. Қазіргі таңда «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы бойынша Құмтүйін елді мекенінен бес көшеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Төле би көшесін жарықтандыруға сметалық құжаты дайындалып, соммасы 12135000 теңге өткізіліп, қазіргі таңда жарықшамдары орнатылды.
Қарашық ауылдық округіндегі үш мектепке кәсіпкерлердің қолдауымен бассейндер қойылды. Қарашық елді мекенінде кәсіпкерлердің ұйымдастыруымен Құрманғазы көшесіне және жиһаз өндірісі орналасатын кәсіпкерлік аймаққа жол салу бойынша тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта да «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы бойынша жұмысты жалғастырып, Қарашық елді мекенінен бес көшеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қарашық елді мекенінде Қарашық көшесін жарықтандыруға сметалық құжаты дайындалды. Соммасы 21544,13 мың теңге. С.Жамалов көшесін жарықтандыруға соммасы 43780,46 мың теңгенің сметалық құжаты дайындалды. Құмтүйін елді мекенінде Түркістан көшесін жарықтандыруға соммасы 24576,41 мың теңге тұратын сметалық құжаты дайындалды. Қарашық елді мекеніне екі трансформатор орнату жұмыстарына (соммасы 10000000 теңге) сметалық құжаты дайындалып өткізілді. Құмтүйін елді мекенінде орналасқан ауыз су тарату орталығында жаңа тік ұңғыма қазылуда.
Қарашық ауылдық округі бойынша өзекті мәселелерді жасыруға болмас. Мәселен, Қарашық елді мекені бойынша ауыз су мәселесі қиын болып тұр.
Қарашық елді мекенінің төменгі ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету қажеттілігі байқалып тұр. Диқандардың сұранысы бойынша Қарашық елді мекенінен су қойма салу қажет. Ауылдың бас жоспар жасалынған жерден тұрғын үй үшін берілетін жерлерге инфрақұрылым жүргізу де уақыт талабы. Бізге өте қиын болып тұрғанды кезінде қиыршы тас өндірген карьерлердің жерінің тегістелмеуі және осыған қатысты жайлар құқытық тұрғыда шешуде қажет етеді. Құмтүйін елді мекені бойынша оңтайландырылған сызба жасалынған жерден тұрғын үй үшін берілетін жерлерге инфрақұрылым жүргізу кезек күттірмейді. Мұндай ауқымды жобаларды жүзеге асыруға бірнеше жылдар кетеді. Мұны жергілікті тұрғындар да түсіністікпен қабылдауда. Болашақта Түркістан қаласына қосылып кетуіміз бек мүмкін. Ол кезде бағбандарымыздың бағы ашылғалы тұр.
21 ЦЕХ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Осыған дейін қарашықтық жиһаз өндірісімен айналысатын кәсіпкерлерге арнайы 10 гектар жер берілгендігі жөнінде айтқан болатынбыз. Бұған дейін жиһаз өндірісін қолға алған кәсіпкерлер өздерінің үйіргелік жерлерінде өз жұмыстарын жасап келген. Ендігі кезекте олар Қарашық ауылдық округінен берілген индустриалды аймақта цехтарының құрылысын бастайтын болды.
Кездесуде аудан әкімі Мақсат Таңғатаров 21 кәсіпкерге арнайы орындарын белгілеп, цехтарының құрылыс жұмыстарын бастауға рұқсат берді. Индустриалды аймаққа аудан әкімдігі тарапынан қажетті жұмыстар су, электр энергия тағы басқа шаруалар жүргізілетін болады. Шара соңында Қарашық ауылдық округінің әкімі Сәкен Оразбаев пен кәсіпкерлер арасында екі жақты меморандум жасалды.
Кәсіпкерлік саласы, оның ішінде шағын және орта бизнесті дамыту — бүгінгі күннің басты талабы. Осы мақсатта мемлекет тарапынан қолдау да көп. Ол үшін түрлі бағдарламалар қабылданып, қоғам үшін еңбектенемін дегенге мол мүмкіндік берілуде. Осындай мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларға қатысып, шағын және орта бизнесін шарықтатып отырған аудан кәсіпкерлерінің саны күн санап көбеюде. Бұл қуанарлық жәйт. Себебі, жұмыссыздар саны азайып, жұмыс көзі ашылуда.