Қай тұсты қарасаңда, кіммен тілдессеңде елдің, халықтың аузында АЭС-тың күйі. Қарапайым халықтың көпшілігі дәл осы өзгертулерге қарсы. Ал астарын ақтарсаң, АЭС дегенді түсінбедікте, көпшілігі қолдап жатқан жоқ қой, әй соған қарағанда бізге зиян-ау деп қысқа қайыратындары да кездеседі. Енді бірі қос қолдап қолдаймын осы ой бәленбай жыл бұрын салу керек еді ғой деп жар салуда.
Басқалары АЭС-ты толық түйіндемей жатып, жарық жоқ, электр қуаты тым аз, абоненттік байланыстар жасамайды, біздің күнімізді ойлайтын бір адам бар ма? деп түртпелектеген мәселелерін ортаға салуда. Осы аталғандардың шешу жолы АЭС-ты тік тұрғызу екенін ұғынғысы келмейді ме, әлде шынайы мән бермейді ме?
Дегенмен өзгенің көшінен қалмау үшін жан-жақты саралап, түйіткілді шешім қабылдау керек. Бұл неге ел қамын ойлағыштардың сөзін сөйлей қалды демеңіз, сол ойлағыштар дәл сол дәрежесіне асқан біліктілікпен, үздіксіз ізденістен жеткен шығар. Мендегі сауал біреу ғана, тәуелсіз елде тұрып, тәуелсіз шешімге нендей дүние кедергі?
Ж.Асылбеков,
Сауран аудандық Ардагерлер кеңесінің мүшесі.