ТҮРКІСТАН: ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ОРНЫ ЕРЕКШЕ

 

Сауран ауданында мемлекеттік шешімдердің ашықтығын қамтамасыз ету және бюрократияны қысқарту бағытында нақты қадамдар жасалуда. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, Сауран ауданында мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттыру, сондай-ақ бюрократиялық кедергілерді азайту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр.Аудан әкімдігі тұрғындармен кері байланысты нығайтып, шешім қабылдау үдерісінде қоғамның қатысуын кеңейтуге, ал мемлекеттік органдарда артық рәсімдер мен қағазбастылықты қысқартуға бағытталған бірқатар шараларды іске асыруда. Сауран ауданында заңнамалық процестің ашықтығы мен басқару тиімділігін арттыруға бағытталған бұл бастамалар заманауи, серпінді мемлекеттік аппарат құруға, және азаматтардың мемлекетке деген сенімін арттыруға сеп болмақ. Аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.

Қоғам дегеніміз — адамдар  мен олардың ұйымдары арасындағы қарым-қатынастардың өте күрделі  жүйесі. Мемлекет арнаулы органдар арқылы қоғамды басқарады, көпшілік бұқара үшін маңызы бар мәселелерді  шешеді және қоғамдағы тәртіпті қамтамасыз етеді. Мемлекеттің түрлі органдары  бар, олар өздерінің тікелей биліктік міндеттерін атқаруда өзара тығыз  байланыста және бір-біріне бағынышта  болады. Мемлекеттік органдар арасында құқық қорғау органдары айрықша  орын алады. Олар қоғамдағы құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етеді. Құқық қорғау органдарына: сот, прокуратура, Ішкі істері органдары, Ұлттық қауіпсіздік, Әділет органдары, Кедендік бақылау  органдары, жемқорлық және басқа  кәсіби қылмыстармен күрес органдары  жатады.

Құқық қорғау органдары жүйесі заңдылық кағидасы негізінде әрекет етеді. Заңдылық — бұл қоғамдық қатынастарға қатысушылардың құқық нормаларын қатаң, бұлжытпай орындау және сақтау қағидаты, әдісі мен тәртібі. Заңдылықтың  мәні — құқық қорғаушы органдардың  құқықтық нормаларды адал, жауапкершілікпен сақтауында, орындауында, пайдалана  және қолдана білуінде. Заңдылық, ең алдымен, осы органдардың заң  негізінде және оның шеңберінде мемлекеттік  және қоғамдық істерді басқаруға  белсенді қатысуларын көздейді.

Заңдылық табиғатын түсіну үшін оның негізгі қағидаттарын анықтап  алу қажет. Заңдылық қағидаттары  — бұл заңдылықтың мазмұнын бейнелейтін  негізгі идеялар, бастаулар. Оларға жататындар: Жалпыға бірдейлік қағидаты. Заңдылықтың жалпыға бірдейлігі жағдайына, шеніне және дәрежесіне қарамай, жалпы жұртқа және әрбір адамға бірдей міндеттілігі. Заң алдында жұрттың  бәрі бірдей жәнө бәрі де оған бағынуы  тиіс, керісінше болған жағдайда жауапкершіліктен ешкім кашып құтыла алмайды. Бірлік қағидаты. Заңдылық бірлігінің мәні. Бұл талап елдің  бүкіл аумағына таралады.

Заңның үстемдік қағидаты. Ол дегеніміз — мемлекеттің өмір сүруі лауазым иелерінің өздерінің  міндеттері мен құқықтарын қатаң  іске асыруы арқылы тек заң негізінде  ғана жүзеге асырылуы тиістігін білдіреді. Мемлекет құқық Корғау органдарының қызметкерлеріне өз ұйғарымы бойынша  еркін әрекет етуге, өз дегенімен  шешім шығаруға, қандай да бір себептермен  заңды орындап не орындамауына жол  бермейді. Заңдылықты іске асырудың тұрақтылық қағидаты. Заңдылықты іске асырудың тұрақтылығы кез келген заң бұзушылықтың кімнің тарапынан  болғандығына қарамастан оның жолы кесілетіндігін, заңды бұзғаны үшін жауапкершіліктен құтылмайтындығын білдіреді. Заңдылық пен мақсатқа лайықтылықты қарсы қоюға болмайтындық қағидаты. «Жоғары мүдделер», «халық талабы», «мораль (өнеге) талабы» деген  желеулермен заңылықтан кез келген кері шегініс қоғамның тұрақсыздығына әкеліп соқтырады, құқықтық нигилизмнің (немқұрайлықтың) өсуіне жағдай жасайды. Егер заң ескіріп, оны пайдалану  орынды болмай қалса, онда оны тек  заң арқылы белгіленген рәсімге  сәйкес өзгерту, толықтыру қажет, Заң  өзгеріс енгізілгенге дейін өмір сүреді, әрекет етеді. Бұрынгылар «заң қатал болса ғана заң»  деп бекер айтпаған.

Заңдылық пен мәдениеттілік қағидаларының байланыстылығы. Мәдениеттіліктен ада заңдылық туралы әңгіме болуы  да мүмкін емес: тұтас алғанда қоғамның, жекелеген азаматтардың мәдени деңгейі  жоғары болған сайын, заңдылықтың да деңгейі жоғары болады. Басқа бір құқықтық құбылыс  — құқықтық тәртіп заңдылығымен байланысты. Құқықтық тәртіп — бұл заң мен  құқыққа негізделген қоғамдық қатынастардың  тәртіптілік жай-күйі. Бұл құқықтық талаптарды іске асырудың құқықтық нормаларды, яғни заңдылықты сақтаудың, орындаудың түпкі нәтижесі. Заңдылық — талап, құқықтық тәртіп — осы талаптарды орындау тәжірибесі. Құқықтық реттеудің  мақсаты құқықтық тәртіп, нақ осыған қол жеткізу үшін өзге де нормативтік  құқықтық актілер шығарылады, заңнаманы  жетілдіру жүзеге асырылады, заңдылықты нығайту жөніндегі шаралар жүргізіледі. Құқықтық тәртіп пен заңдылық арасында бір-біріне тікелей тәуелділік бар: заңдылықтың нығайтылу құқықтық тәртіпті нығайтады, ал бұған керісінше, егер заңдылық бұзылса, онда құқықтық тәртіп те іле-шала бұзылады. Заң құқық қорғау органдарынан заңның немесе өзге де құқықтық актілердің белгіленген тапсырмаларына ғана сәйкес келетін заң жөнімен ықпал  ету шараларын қолдануды талап  етеді. Егер заң бойынша суық қаруды сақтау тәртібін бұзғаны үшін айыппұл  түріндегі санкция қарастырылған  болса, әкімшілік жолымен тұтқынға алуды қолдануға болмайды. Құқық  қорғау қызметі белгілі бір тәртіптің  аясында орындалады. Мысалы, қылмыстық, әкімшілік немесе тәртіптік жазалау  шараларын қолдану шегін қажетті  тексерулер жүргізбей тұрып айқындауға болмайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *