
Мамандардың үлкен шоғыры пайда болды
Қазақстанда 2006 жылы экономикалық даму қарқын ала бастады. Халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған түрлі бағдарламаларды түсіндіру мақсатында ипотекалық брокер мамандығы біртіндеп жұмысын бастады. Содан бері бұл қызметтің мәртебесі көтеріліп, қалың жұртшылықтың сұранысына сай баспана мәселесімен айналысатын мамандар шоғыры пайда болды. Бүгінде бұл мамандар қала, аудандарда ғана емес, ауыл-аймақтарда да жұмыс істейді. Бір кемшілігі, ипотекалық брокерлердің лицензиясы жоқ, қызметі мемлекеттік реттеуге жатпайды және қаржылық ұйым болып саналмайды. Сала маманы баспана алғысы келетіндерге банктен ипотека таңдауға және алуға ақысын келісіп отырып көмектеседі. Банктер тапқан клиенттер үшін ипотекалық брокерлерге ақы төлейді. Олар жылжымайтын мүлік агенттігінің құрамында жұмыс істеуге немесе жеке өз бетінше қызмет етуге құқылы. Сондай-ақ, ипотекалық брокер кілт тапсыру қызметтерін көрсете алады, құқықтық куәлік алғанға дейін толық қолдау көрсете алады. Ипотекалық брокер баспаналы болуға ниетті адамға қандай үй сатып алғысы келетінін, несиені өтеу үшін айына қанша ақша жұмсауға дайын екенін, оның несие тарихы қандай екенін және кепілгерлерді немесе қосалқы қарыз алушыларды тарта алатынын түсіндіреді. Сондықтан кіріс, берешек және т.б. туралы барлық ақпаратты жасырмай айту керек. Содан соң құжаттарды жинау және банкке өтініш беру брокердің жұмысы саналады. Клиентке несие берушiнiң талаптарына сәйкес несие алуға өтiнiш беру үшiн қажеттi құжаттарды жинауға жәрдемдеседi, өтiнiштi ресiмдеуге көмектеседi және клиентпен бiрге ол неғұрлым қолайлы несие ала алатын банкке өтiнiш жасайды. Бұл өз клиенттері үшін өтінімдерді мақұлдау ықтималдығын арттырады. Сондай-ақ, сақтандыруды тіркей отырып, пәтер, үй немесе басқа да жылжымайтын мүлік болып табылатын кепілді сақтандыру қажеттілігін қарастырады. Сақтандыру компаниясын табу, құжаттарды жинау сынды жұмыстар дұрыс жүргізілген жағдайда екі тараптың тәуекелділігін оңайлатып, келісімге қол қою жеңілдейді. Жылжымайтын мүлікті бағалау, тұрғын үйдің сметалық құнын несиелік келісімде көрсету керек. Ол үшін ипотекалық брокер кәсіби компания немесе кәсіпкер тарта отырып, шығындарды әлеуетті қарыз алушы көтере алатындығына көз жеткізеді. Клиентке жеңілдік жасай алатын және құжаттарды дайындау уақытын қысқарта алатындығы брокердің кәсібилік шеберлігіне байланысты. Ипотекалық брокер құқықтық қолдау көрсете отырып, адвокатпен бірге сатып алу-сату немесе үлестік қатысу шартына қол қойылғанға дейін құжаттардың жиілігін тексереді және мәмілені аяқтайды.
Алаяқтарға алданбау амалы қандай?
Бүгінде экономика саласында адал емес ипотека брокерлері де бар. Кейде алаяқтардың іс-әрекеттерінің жалған-шындығын бағамдау қиынға соғып жатады. «Технологияның дамыған ғасырында нешетүрлі алаяқтық жоспардың құрбандары күн санап көбеюде. Алаяқтардың әдіс-тәсілдеріне оңай түсіп қалудың бірден-бір себебі, қаржылық сауаттың төмендігінен. Егер ипотекалық брокер несие тарихы теріс болса да, тұрақты кіріс болмаса да көмектесуге уәде беріп жатса бұл мүмкін емес, өйткені, алынған несиелер мен олар бойынша кешіктірулердің барлық жазбалары несие тарихында мәңгі сақталады. Брокердің қызметін пайдалану арқылы клиент уақытын үнемдейді, ең тиімді несиелеу бағдарламасын таңдай алады, шығындарды азайтып, ипотекаға, сақтандыруға құқықтық шарттармен ісін жеңілдете алады. Ипотекалық брокер комиссиялық ақы немесе белгіленген сыйақы алуға құқы бар. Ипотекалық брокер маманын әрі банкир, әрі риэлтор, әрі заңгер және экономист деуге толық негіз бар. Ол баспана алуға ниетті клиентке мемлекеттік тұрғын үйге қатысты түрлі бағдарламаларды таныстыруға, таңдауға көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар, ипотекамен үй сатып алу транзакциясын толығымен жоспарлайды және қолдайды» дейді ипотекалық брокер Салтанат Сұлтанқызы.
