ТҮРКІСТАН: ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛАЙ ҚАЛЫПТАСТЫРАМЫЗ? — 2


Ғылыми құқықтық сана құқықты және құқықтық өмір шындығының құбылыстарын теориялық тұрғысында ой елегінен өткізу арқылы қалыптасады, ол қоғамның құқықтық идеологиясын әзірлеуде, мемлекет пен заңдарды дамыту жолдарын негіздеуде белсенді рөл атқарады. Құқықтық сананың осы ең толық түрін иеленушілер құқықтанушы және мемлекеттанушы ғалымдар болып табылады.
Құқықтық санамен тығыз  байланысты және оның туынды құбылысы құқықтық мәдениет болып табылады. Ол құқыққа белгілі бір көзқарас қана емес, қайта, құқықтық білімнің, тұрақты құндылық- құқықытық бағдардың және соларға сәйкес заң жүзінде маңызды мінез-құлықтың бірлігі ретінде көрінеді.
Құққтық мәдениет қолданылып жүрген құқық нормалары білімінің жоғары деңгейімен сипатталады. Оған субъектінің құқыққа құрметпен қарауы тән. Ол адамдардың мінез-құлқы олардың құқықтық сенімдеріне, сондай-ақ олардың басқа адамдар қылықтарының заңдылығына баға беруіне және құқықбұзушылықтың жасалуына бастамашылықпен кедергі жпасауына сәйкес келуін анықтайды.
Құқық өз нормаларына сәйкес мінез-құлыққа оң көзқараста болады. Алайда егер жеке адам заңды бұзбаса, құқық нормаларын жазалаудан қорыққандықтан немесе өзінің комформизмі салдарынан, яғни жұрттың бәрі сияқты істеймін принципі бойынша бұзбайтын болса, бұл әлі де оның қажетті құқықтық мәдениеті бар екендігі білдірмейді.
Сол сияқты жеке адамның немесе топтың кез-келген құқықтық белсенділігін құқықтық мәдениетке жатқызуға болмайды. Заңдарды білуге және оларды өздері қызмет етіп жүрген мақсаттарға зиян келетіндей етіп пайдалануға болады. Өмірде құқықтарды, сөз бостандығын қоғам мүдделеріне нұқсан келтіре отырып, қиянат жасау да сирек кездеспейді. Керісінше, заңсыз әдістермен ізгі мақсаттарға жетуге тырысатын кездер де болады. Демек, әлеуметтік-құқықтық оң белсенділік қана жеке адамның немесе ұжымның  жеткілікті құқықтық мәдениетінің компоненті деп танылуы мүмкін.
Заңды мінез-құлықты оның мотивтері бойынша әлеуметтік-құқықтық оң белсенділікке(заңды мінез-құлықтың дұрыстығы мен пайдалылығына сенуге негізделген); конформистік мінез-құлыққа(ұғынбай тұрып және құқықтық белсенділік болмай, заң нұсқауларына бағыну) және маргиналдық мінез-құлыққа(құқық нормаларын жазалаудан қорқып сақтау) жіктеумен қатар, юриспруденцияда заңды мінез-құлықты оның қоғамдық маңыздылық дәрежесіне қарай да бөлу жүргізіледі.     Құқықтық тәрбие мен құқықтық сананы қалыптастыру тек жоғарғы және орта оқу орындарындағы оқушыларды оқыту процесінде ғана емес халықтық барлық топтары арасында әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында жүргізілуі қажет. Қазіргі кезеңде біріншіден жастар арасында құқықтық тәрбие өз дәрежесінде емес, қазіргі қоғам мен келешек алдында тұрған міндеттер мен талаптарға сай жүргізіліп отырған жоқ. Екіншіден бүгінгі оқушы бірнеше жылдан кейін өндірістік-техникалық және әкімшілік-басқару қызметіне тікелей байланыста болады. Мектеп оқушылары арасында оқушылардың арасында құқықтық сауаттылықтың төмендігі тіпті мүлдем сауатсыздығыда кездеседі. Бұл құқықтық сана мен құқықтық тәрбиені насихаттаудың бүгінгі күннің өзекті мәселесі екенін тағы да дәлелдей түседі. Мемлекетіміздің алдына қойған басты міндеттері көп болғанымен құқықтық тәрбие кезек күттірмейтін мәселе, себебі ол мемлекет болашағының кепілі. Құқықтық тәрбие мектеп қабырғасынан бастап қолға алынып жас жеткіншектер құқықтың саяси-моральдық тұрғыдан басшылыққа алуы қажет. Құқықтық тәрбие – азаматтардың патриоттық сезімін қалыптастырудың негізі.

Қазіргі кезеңде құқықтық сананы қалыптастырудың басым бағыттарына мыналар жатады: құқықтық сауаттылық пен құқықтық сананы, әлеуметтік-құқықтық белсенділікті, құқықтық нормаларын сақтауды міндеттілік деп санайтын, өзін заңмен қорғалатын қоғамның тең құқылы азаматы ретінде сезінетін, азаматтылық жауаптылық пен өзін-өзі сыйлауды, тәртіпті, өзге адамдардың құқығы мен бостандығын сыйлауды, демократиялық құқықтық құндылықтарды бағалау.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *