
Жастар тәрбиесіндегі өзекті мәселелердің біріне дәстүрлі емес діни ағымдардың идеологиясына төтеп беруге қабілетті жастарды қалыптастыру, тәрбиелеу жатады. Жат жұрттық, жат пиғылдағы әр түрлі секталар діни пайымы өсіп жетілмеген жастарымызды алдау, арбау, санасын улау арқылы өз қатарларын толықтырып келеді. Жастардың Отан алдындағы ең қасиетті борышы Отанды қорғау деген ұғымды христиан бабтистері кері мағынада уағыздап, жастардың қолына қару алып, Отанын қорғауды күнәһарлыққа жатқызады.
Еліміздің зайырлы мемлекет болуы өзіміздің дәстүлі дінімізден қол үзу, оның қағидаларын халық арасында насихаттау жұмыстарын жүргізуге болмайды дегенді білдірмесе керек. Қайта керісінше, ата-бабамыздан келе жатқан дініміздің құндылықтарымен жастарымызды таныстыру, тәрбие саласында пайдалану ісі олардың зайырлы қоғамдағы жан дүниесін байыты түсетіні анық. Қазіргі кезде «Асыл арна» респуликамыздағы ислам діні жөнінде толыққанда хабарлап тарататын бірден – бір канал болып отыр. Жастарымызға дініміздің негізгі қағидалары жөнінде бастапқа білімді де бере алмай келеміз. Өзіміздің жастарымызды өзіміз шет елдік миссонерлердің қармағана іліктірудеміз. Әртүрлі діни ағымдарға қарсы тұрарлық, ғылыми негізді көзқарасы бар адамды қалыптастыруды берік мақсат етіп мұсылмандықтың алғышарттарына, имандылыққа насихаттасақ ұтарымыз көп болмақ.
Негізінде Ислам дінінде басты мақсат – бірлік, ынтымақ, сүйіспеншілік пен өзара татулықты орнату. Бөлінушілік, ауызбіршілікке нұқсан келтіретін араздық тудыратын істерге қарсы. Имандылық – өзара ынтымақ пен татулыққа, қолғабыс көрсетуге шақырып жат қылықтан сақтандырады. Қазақтың көрнекті ағартушы-педагог ғалымдары Ы. Алтынсарин, Ш. Уәлиханов, М. Жұмабаевтар да бала тәрбиесінде діннің, имандылықтың рөлін жоғары бағалаған.
Ш. Құдайбердіұлының «Үш анық» еңбегінде: «діни таным арақ-шарапты ішуге, темекі шегуге, өтірік-өсек айтуға, ұрлық жасауға, зорлық-зомбылыққа тиым салады, ар танымы мен ғылыми танымға жол сілтейді» /3/ – деп талдау жасайды. Бар өмірін адамды зерттеуге арнаған ұлылық иесі Абай Құран сөздерінен нәр алған, имандылықты бойына сіңіріп, ұрпақ тәрбиесінде ұстанған.
Жастар тәрбиесіндегі алаңдатарлық мәселелердің бірі – рухани сала болып табылады. Рухани саладағы жастар тәрбиесінде бұхаралық ақпарат құралдарының атқарар жүгі үлкен болып табылады. Ақпарат ағыныдағы бей-берекетсіздіктің шамадан тыс белең алғаны соншалық, кино театарларда, теледидарларда көрсетіліп жатқан фильмдердің мән мағынасын, тарихи тұрғыдан алғанда ұрпақ тәрбиесіндегі зияндылығын саралап жатпай-ақ көпшіліктің назарына ұсынып жатырмыз… Кино өнерінің ұрпақ тәрбиесіндегі қуатты қару екенін түсінген шет мемлекеттер миллиондаған қаржы шығарып, белгілі мақсаттары үшін тарихи шындықтарды бұрмалап түсірген фильмдері арқылы жастарымыздың тәрбиесіне кері әсер етуде. Баршамызға белгілі қытайлықтар түсірген «Шынғыс хан» фильмі ұлттық телеарнамыз арқылы көрсетілді осы бір ғана көркем фильм санамызға қаншалықты әсер етті десеңізші. Фильмнен алған әсеріміздің «нәтижесінде» Шыңғыс ханнан өз жерін, өз елін алты ай бойы қорғау арқылы патриоттық тәрбиенің өнегесі, үлгісі болып жүрген Отырар қаласының қорғаушысы Қайырханды қара өгізге теріс мінгізіп жамандай жөнелдік. Ал, бұл киноны түсіргендерге мұндай фильм неге түсірдің деп айта алмаспыз. Бірақ бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің өз мүддесін, өз идеологиясы жас ұрпақ тәрбиесі алдындағы жауапкершілігі бар емес пе? Неге біз өз жастарымыздың тәрбиесіндегі жауакершілікті жат пиғылдардың жетегіне жетектетіп қоя беруге жол береміз. Мемлекетіміздің өз ақпарат кеңістігін қорғауы бірінші кезекте тұруга тиісті міндет екенін неге ұмытамыз.
Заманға сай, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу – мемлекетіміздің маңызды стратегиясы. Біз тарихи білім мен тәрбиені ұштастыра білуіміз керек. Төл тарихымыздың тәлім-тәрбие аларлық, үлгі боларлық тұстары жеткілікті. Ұлтымыздың қалыптасуын, мәдени дамуын, ел қорғаған батырларының ерлік істерін, әскери-саяси тарихын, тарихи тұлғалардың өмір жолын, халық ауыз әдебиетін, даналардың ғибратты нақыл сөздерін нақты дерек көздері арқылы білгені жөн. Ұлттық құндылықтарды насихаттаудың әлеуметтік мәні зор. Халықтық тәлім-тәрбие-қазақ халқының тарихи қалыптасқан қоғамдық санасының практикалық көрінісі, әлеуметтік тәртіптің айғағы. Халықтық дәстүрді, ұлттық мәдени құндылықтарды қазіргі саяси жағдайда өркениетті өмірмен байланыстыру – тәлім-тәрбиенің басты шарты. Әлеуметтік мәні зор ұлттық құндылықтардың мән-мағынасын ұғындыру, оның жастардың санасына, сезіміне әсер ететіндей дәрежеде жеткізу асқан шеберлікті қажет етеді. Бірақ қолға алған ұлттық мемлекетіміздің тәуелсіздігін сақтап қалу, оның әлеуметтік, саяси өркендеуін қамтамасыз ету үшін келешек ұлт болашағы жас жеткіншектеріміздің қоғамдық-саяси дәрежесіне, ұлттық тәуелсіздік идеясының олардың санасына қай дәрежеде қалыптасуына байланысты Қазіргі кезде білім беру ісінде жеке тұлғаны жан-жақты дамытып, танымдық іс-әрекеті мен ой-өрісін жетілдіруде ұлттық негізді айқындау – өзекті мәселе болып табылады. Әрбір жас жеткіншекті жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін оның бойындағы бар құндылықтардың көзін ашып дамытуымыз қажет.
