ТҮРКІСТАН: ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛАЙ ҚАЛЫПТАСТЫРАМЫЗ?

Түркістан облысының тұрғындарына құқықтық сауаттылық туралы бұған дейін де бірнеше мақала жариялаған болатынбыз. Бүгінгі тақырып құқықтық мәденитке арналады.

Құқықтық мәдениет – белгілі бір мемлекеттік діни, этникалық қауым мүшелері қабылдаған, олардың қызметін реттеу үшін пайдаланылатын құндылықтар, құқықтық идеялар, сенім-нанымдар, мінез-құлық қалыптары, құқықтық дәстүрлер жүйесі. Құқықтық санамен тығыз байланысты және оның туынды құбылысы құқықтық мәдениет болып табылады Құқықтық мәдениет қолданылып жүрген құқық нормалары білімінің жоғары деңгейімен сипатталады. Оған субъектінің құқыққа құрметпен қарауы тән. Ол адамдардың мінез-құлқы олардың құқықтық сенімдеріне, сондай-ақ олардың басқа адамдар қылықтарының заңдылығына баға беруіне және құқық бұзушылықтың жасалуына бастамашылықпен кедергі жасауына сәйкес келуін анықтайды. Жеке адамның құқықтық мәдениеті дегеніміз – орынды тәртіп пен мінез-құлық, жан-жақты құқықтық білімдерімен заңды құрметтеу, құқықты қорғау іс-әрекетінің терең бірлігі.

Құқықтық қоғам демократиялық принциптерге сүйене отырып, әр адамның шығармашылық күштерін, ниетін, ойын, сезімін, ұмтылысын толық және еркін жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Адамның жалпы мәдениеті мен оның құқықтық мәдениетінің арасында байланыс бар. Құқықтық мәдениетті қалыптастыру маңызды. Ол құқық қоғам мен қоғамның әрбір мүшесінің бүкіл өмірін қамтып жатады. Құқықтық мәдениеті нашар дамыған адам тек заңның өрескел бұзылған жағдайына ғана оған зейін аударады да, құқықтық талаптарды мойындамаған көп жағдайларды байқамайды. Заңды білмеу – құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен құтқармайды. Құқықтық мәдениет адамнан жан-жақты құқықтық білімдерді талап етеді. Адамның құқықтық мәдениеті – күрделі құбылыс. Бұл құбылыс қоғамның, мемлекеттің көптеген маңызды салаларында көрінеді. Ең бастысы адамгершілікті адам тұлғасының сапалық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал жасайтын тәрбие құралдарының бірі – орынды тәртіп және мінез-құлық тәрбиесінің жоғары деңгейінде болуы.

Құқықтық мәдениеттің негізі адамның саналы тәртіп пен мінез-құлықтары.Құқықтық мәдениеттің осы екі деңгейіне көтерілген, яғни құқықтық білімді меңгерген, заңды құрметтейтін адам заңға қайшы келетін әрекеттерден аулақ болады. Тек қана заңға сәйкес жүру дағдысы пайда болады. Мұны заңға мойынсынушылық дейді. Бұл деңгейлік сатыда ішкі қозғаушы күш – адамның ұяты, ар-ожданы. Ұят, ар-ождан және сенімдер адамның мәдениеті тек қана заңға мойынсыну емес, заңды қорғау үшін тұрақты белсенді әрекетке қатысуға дайын тұру. Құқықты құрметтеу, әділдікті, борышты, жауапкершілікті, заңдылықты, сезіну – адам тұлғасының жоғарыдан көрінуі.Құқықтық мәдениетті қалыптастыру үшін қоғамда, білім беретін ұйымдарда құқыққа байланысты кешенді шараларды жүргізу маңызды. Осы бағытта мынадай жұмыс түрлерін жүргізуге болады:

Еліміздің заңдары мен халқына құрмет сезімін тәрбиелеу, құқықтық білім беру, оны насихаттау мақсатында құқықтық лекториялар жүргізу маңызды. Ол жұмыс түрі арқылы заңды білу жүзеге асырылады. Оны жүргізу барысында көркем фильм, деректі фильмдер көрсету мәнін ашады.
Қоғамдық құқықтық сана құқыққа және құқықтық өмір шындығының жалпы қоғамда қалыптасқан құбылыстарына көзқарасты бейнелейді. Қоғамдық құқықтық санада қоғамда жеке адамның бостандығына және жеке меншікке ешкімнің тиіспеушілігіне кепілдік бере алатын теңдесі жоқ әлеуметтік құндылық ретінде құқық түсінігі орнығады. Құқық болмайынша, оның екеуі де жоқ.
Заңдардағы барлық уақытта дер кезінде жаңартыла бермейтін жаңсақтықтар мен жетілмегендіктің қоғамдық құқықтық санадағы құқық бейнесінің көрінуіне теріс әсер етеді. Тыйым салушы нормалар мен қызметтік көзқарастың басым болуы оған бүлдірушілік ықпал етеді. Соның салдарынан қоғамдық құқықтық санада құқықтың мәнін қажеттіліктің пен әділеттіктің шоғырланған көрінісі ретінде емес, қайта күштеу ретінде қабылдау мен түсіну сақталып келеді. Сондықтан да құқық нормаларын сақтауға азаматтан гөрі, мемлекет көбірек мүдделі деген пікір таралып кеткен.
Мазмұнының толықтыққа жақындау деңгейіне немесе дәрежесіне қарай құқықтық сана құқық теориясында дағдылы, кәсіби(заңгерлердің құқықтық санасы) және ғылыми болып бөлінеді.
Дағдылы құқықтық сана дегеніміз адамдардың жаппай түсініктері, олардың күнделікті және өмірлік тәжірибесінің ықпалымен туындайтын құқық пен заңдылық жөніндегі сезімі мен көңіл-күйі болып табылады. Бұл- құқықтық сананың ең жылжымалы түрі, толық емес және үздік-создық, фрагментарлық болған соң ол сонымен бірге құқықтағы жаңалыққа мейлінше сезімтал және құқық қолданудың кемшіліктерін байқауда “қырағы” болып келеді.
Кәсіби құқықтық сана бір түр ретінде кәсіби заңгерлер арасында қылыптасады, норма шығаруда, құқықты түсіндіруде және құқық қолдануда өзекті рөл атқарады. Ол екінің бірінде белгілі бір стереотиптермен (күдікшілік, “айыптауға бейімдік”, дәлдік және формалдылық, ілеспе заң нормаларын, іс-әрекеттің секторын немесе тіпті негізгі құқықтық өрісін көру) белгіленген, жазудан ерекше стилі мен заң тілін қалыптастырады. Бұл- құқықтық сананың біршама толық түрі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *