2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 221,7 мың адам қамтылды, 292,2 мың қазақстандық жұмысқа орналастырылды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Субсидияланатын жұмыс орындарына мансап орталықтары арқылы 129,8 мың адам жіберілді, оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарында 11,5 мың адам, жастар практикасында 9,1 мың адам, қоғамдық жұмыстарда 91,7 мың адам, «Күміс жас» жобасы аясында 14,8 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша 2,6 мың адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы шеңберінде 90 адам жұмыспен қамтылды.
Еңбек нарығындағы сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 48,5 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 45,3 мыңы оқуды аяқтады.
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 34,6 мың адам қамтылды, оның ішінде 19 мың адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды.
Жұмыс берушілердің өтініші бойынша кәсіптік оқытуға 4 610 адам жіберілді, оның ішінде 834 адам оқуды аяқтады.
Бұдан басқа, қызмет саласын таңдау мақсатында кәсіптік орталықтарда 224,3 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтіп, кеңес беру қызметтерін алды.
Азаматтарды жұмысқа орналастыру бірнеше бағыт бойынша жүзеге асырылатынын және шын мәнінде жұмысқа орналасқандығы олар үшін міндетті зейнетақы жарналарының аударылуымен расталатынын атап өткен жөн.
