Мұнай бағасы қайта көтерілді

АҚШ пен Ресей президенттерінің Аляскадағы кездесуі қарсаңында мұнай бағасы екі айдағы ең төменгі деңгейден кейін қайта көтеріле бастады.

Brent маркалы мұнайдың баррелі 65 доллар 91 центке, ал WTI маркасы 62 доллар 91 центке жетті. Бұған дейін АҚШ пен Халықаралық энергетика агенттігінің пессимистік болжамдары бағаны түсірген еді.

Сәрсенбі күні Дональд Трамп, егер Владимир Путин Украинада бейбіт келісімге келмесе, ауыр зардаптар болатынын ескертті. Ол нақты қандай шара қолданатынын ашпаса да, нәтиже шықпаса, жаңа санкциялар енгізілетінін меңзеді. Сарапшылар мұндай белгісіздік ресейлік мұнайды сатып алушылар үшін қосымша тәуекел тудыратынын айтады.

Бағаға қолдау көрсетіп отырған тағы бір фактор қыркүйекте АҚШ-та пайыздық мөлшерлеменің төмендеу ықтималдығының артуы. Алайда Халықаралық энергетика агенттігі 2025-2026 жылдары мұнай өндіру қарқыны күткеннен жылдам өседі деп болжайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *