«Мерейлі отбасы – 2025»: МОЛДАБЕКОВТЕР ЖАНҰЯСЫ ЖЕҢІМПАЗ

 

Кейінгі он жылдан астам уақыт көлемінде ел аумағында үлгілі жанұяларды насихаттап келе жатқан «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының облыстық кезеңінде Сауран ауданының атынан қатысқан Молдабековтер отбасы бас жүлдені жеңіп алды.

Салтанатты марапаттау рәсімінде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Е.Алтаев жеңімпаздарды құттықтап, отбасылық құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығын атап өтті.

Нәтижесінде I орын – Молдабековтер отбасы (Сауран ауданы) – 1 млн. теңге жүлде, II орын – Ширимбаевтар отбасы (Түлкібас ауданы), III орын – Рысбековтер отбасы (Келес ауданы).
Молдабековтер әулетінің шаңырақ иесі, ақсақал – Нұрмахан Молдабеков 90 жаста, тыл ардагері. Жұбайы – Оңласын Жүсіпбаева зейнеткер, «Алтын алқа» иегері. Үлгілі шаңырақ 2 ұл, 7 қыз тәрбиелеп өсірген, бүгінде 35 немере мен 23 шөбере сүйіп отыр.


Редакциямызға хабарласқан Сауран ауданының тұрғыны атаулы жетістік үшін көпшілік ризашылығын білдіріп, қуанышқа кенеліп жатқанын жеткізді. Ендеше, бұл жеңіс – Сауран ауданы үшін үлкен мәртебе. Жүлделі отбасындағы татулық пен ұрпақтар сабақтастығы – жас ұрпаққа өнеге болсын демекпіз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *