ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖАҢА БАСТАМА

Түркістан қаласында алғаш рет «Еріктіліктен – әлеуметтік кәсіпкерлікке» атты жастарға арналған практикум өтті.

«Ұлы дала елі» орталығында ұйымдастырылған шараның негізгі мақсаты – еріктіліктің қоғамдағы маңызын арттыру, жастардың азаматтық белсенділігін көтеру және әлеуметтік жауапкершілік құндылықтарын дәріптеу болды Сондай-ақ еріктілерді әлеуметтік кәсіпкерлікке бейімдеу арқылы олардың қаржылық тұрақтылығын қалыптастыру көзделді.

Жиынға Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы арнайы қатысып жастардың азаматтық белсенділігін дамытудағы еріктіліктің рөліне тоқталды Әкім өз сөзінде қоғамға пайда әкелетін әлеуметтік бастамаларды қолдау қажеттігін атап өтіп жас кәсіпкерлерге табыс тіледі Мұндай жобалардың өңірдің дамуына қосар үлесі зор екендігін жеткізді.

Практикум аясында қатысушылар әлеуметтік кәсіпкерліктің қыр-сырымен танысып халықаралық және отандық гранттарға жоба әзірлеу жолдарын үйренді Сондай-ақ пичинг әдістері тәжірибеден өткізілді Қаржылық табысқа жетудің тиімді тәсілдері мен ұйымның брендингін қалыптастырудың маңызы да талқыланды.

Іс-шараға әлеуметтік кәсіпкерлер меценаттар жергілікті билік өкілдері мен белсенді жастар қатысты Басты спикер ретінде Әлеуметтік инноваторлар қауымдастығының президенті «Global Kishkentai» инклюзивті шеберханасының негізін қалаушы Гүлмира Пармышева сөз сөйледі.

Сонымен бірге алғаш рет Түркістан қаласының еріктілері мен әлеуметтік мәселелерді шешуге үлес қосқан азаматтардың арнайы көрмесі ұйымдастырылды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *