
Әділ өзгеріс, бүкіл азаматтық қоғам институттарына бірдей әділ көзқарас. Әділ көзқарас болған жерде тепе-теңдік сақталып, әділдік принциптері жұмыс жасайды. Сонда ғана ел сеніп көшбасшы соңынан халық ереді. Ой қозғай отырып саяси жүйе жаңғырады,заңдар тиімді жұмыс жасай бастағанда ғана алға қойған нәтижеге жетеміз.
Партияларды тіркеу үрдісіндегі тіркеу шегін 20 мыңнан 5 мың мүшеге дейін төмендетуі көппартиялық мүмкіндікті жоғарылатты,оған дәлел биылғы Мәжілістің көппартиялық құрамы, Мәжіліске 6 партия өкілдерінің енуі.Осының бәрі азаматтық әділ қоғам орнатудағы жасалған теңсіздікті жоюдағы нақты әрекеттер ғана емес, бәсекелестіктің жоғарғы сатысына алып баратын баспалдақтар. Сонымен қатар, облыстық мәслихаттарда аралас сайлау жүйесін (мажориталық-пропорциональдық 50/50) және бірмандандаттықты енгізу, ал аудандық,қалалық мәслихаттарда толығымен мажоритарлық жүйені енгізу жұртшылықтан қолдау таптқанын ел ішін аралап күнделікті тұрғындармен кездескенде көріп жүрміз. 2021 жылдары облыстық мәслихаты болып сайланған кезімде көптеген партияда жоқ белсенді азаматтардың депутат болғысы келетінін өз құлағыммен естіген болатынмын. Жаңа саяси жүйе осы сұраныстың жауабы болды. Азаматтық қоғам арасында Сайлау жұйесіндегі оң өзгерістер әсіресе партияда мүше емес азаматтар үшін тиімді, бұл тұста барлық азаматтардың құқықтары сақталып әділетті саяси жүйе қалыптасады.
Расында да бұл сайлау процесін жаңғыртудағы жұртшылықтың ойында жүрген, бойын мазалаған ойлар болатын. Сайлау жұйесінде аралас жүйенің ұсынылуы ел арасында үлкен ризашылық тудырды.
Саяси жүйе дұрыс жұмыс жасағанда экономикалық,әлеуметтік даму процестері өз арнасымен жұмыс жасап. халықтың әл аухаты жақсаратын болады. Бұрын экономика экономика деп саяси жүйеге аса мән берілмеді деген ойлардың қоғамда болғаны жасырын емес. Барлық реформалар елдің дамуы үшін, халықтың қамы үшін жасалуы тиіс. Ой жақсармай күй жақсармайды. Қазақстанда адам құқықтарын қорғау мақсатында саяси жүйе де жаңғыруда, мінберден шындықты ту етіп өзекті мәселелерді көтеретін жаңа белсенді азаматтар легі пайда болды. Бұл д оңды құбылыс Конституцияның тиімділігін көрсетуде.
VII бөлімде Конституциялық сот құрылымы туралы толықтыру бар. Қоғамда сотқа сенімсіз күмәнмен қарау орын алғаны ешкімге жасырын емес. Конституциялық сотқа жүгіну құқына Бас Прокурор және Адам құқығы жөніндегі уәкіл ие болуы,. сондай-ақ, 83 бапта Адам құқығы жөніндегі уәкілдің мәртебесі конституциялық заңмен айқындалуы қуантады..
Жұртшылықты қызықтырған бір мәселе -Жер мәселесі. Конституцияның 6-шы бабы 3–тармағында «жер мен оның қойнауы,су көздері,өсімдіктер мен жануарлар дүниесі,басқа табиғи ресурстар мемлекет меншігінде» болса, ұсынылатын нұсқада «жер мен оның қойнауы,су көздері,өсімдіктер мен жануарлар дүниесі,басқа табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Мемлекет халық атынан меншік иелігін жүргізуге құқылы. Жер сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде,шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін» деп көрсетілген.
Жер мәселесі демекші «AMANAT » партиясының «Жер аманаты» жобасы аясында игерілмей жатқан жайылымдық жерлердің мемлекетке қайтарылып, шаруаларға бөлініп берілуі, заңсыз иемденген жерлердің мемлекет меншігіне қайтарылуы да заң аясында атқарылып жатқан , осы Конституцияның тиімділігін көрсететін айғақтар. Ата заңның барлық тармақтары азаматтардың қоғамда еркін өмір сүруіне, мемлекетті нығайтуына, тәуелсіздігімізді нығайтуға бағытталған.
Ата заңның тиімділігі де осында жатыр.
Қалыйма Жантөреева,
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының
орынбасары, облыстық маслихат депутаты
