САРЫАҒАШТА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Сарыағаш ауданында тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде атқарылуда. Осы ретте, аудан әкімі Арман Абдуллаев Дарбаза ауылдық округіне қарасты Сарысу елді мекенінде жүргізіліп жатқан құрылыс нысанында болып, жұмыс барысымен танысты.
Аудан әкімі нысанды аралау барысында мердігер мекеме өкілдеріне нақты тапсырмалар беріп, құрылыс сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуын қадағалауды тапсырды.
Сарысу елді мекендегі ауыз су құрылысы 2025 жылдың сәуір айында басталған. Қазіргі таңда ұзындығы 10 шақырымды құрайтын су құбырлары тартылып, жалпы жұмыстың 70 пайызы аяқталған.
Сапар аясында аудан басшысы Әлімтау ауылдық округіне барып, Тасқұдық елді мекенінде жүргізіліп жатқан ауыз су құрылысының жай-күйін пысықтады. Бұл нысандағы құрылыс-монтаждау жұмыстары биыл сәуір айында басталып, желтоқсан айында аяқтау жоспарланған. Бүгінде Тасқұдық елді мекеніндегі құрылыс алаңында су ұңғымалары қазылып, 2200 метр ұзындықта ауыз су құбырлары тартылған. Сонымен қатар, 650 метр тереңдікте ұңғыма бұрғылау жұмыстары жүргізілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *