ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ҚОЛ КҮРЕСТЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА 26 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Болгарияның Албена қаласында қол күресінен өткен Әлем чемпионатында Шардара ауданының спортшылары толағай табысқа жетті. Жалпы есепте Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетсе, оның ішінде шардаралық спортшылар 19 алтын, 4 күміс және 3 қола медаль иеленіп, әлемдегі ең мықты құрама екенін тағы да дәлелдеді.
Бұл жеңістер – “Шардара Армспорт” спорт клубының жүйелі жұмысының жемісі. Аудан спортшылары тек республикалық емес, халықаралық деңгейдегі жарыстарда да тұрақты түрде жеңіс тұғырынан көрініп келеді. Дүбірлі додада 7 алтынды жасөспірімдер қоржынға салса, 3 спортшы жастар арасындағы бәсекенің бас жүлдесін иемденген. Сондай-ақ, 9 спортшы ересектер арасында қарсылас шақ келтірмесе, 4 сайыпқыран күміспен күптелген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *