«Ұлы дала мұрагерлері» домбырашылар флешмобы өтті

 

NIS Turkistan «25 қазан – Республика күні» мерекесіне орай дәстүрлі «Ұлы дала мұрагерлері» атты домбырашылар флешмобы өтті.

Іс-шара барысында күмбірлеген домбыра үні мен асқақ рухқа толы күйлер көрерменнің жүрегіне жол тартты. Жас домбырашыларымыз «Нәр ағашы», «Келіншек», «Жастар биі», Құрманғазының «Балбырауын», «Ер Тұран» және Ә.Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйлерін орындап, көрермендерге рухани қуат сыйлады.
Домбыраның үні – халқымыздың жүрегі, рухымыздың айнасы. Бүгінгі шара ұлттың мәдени мұрасын дәріптеп, жастар бойында елге деген сүйіспеншілікті одан әрі нығайтты.

Іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсеткен Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-сі мен барлық қатысушылар және ұйымдастырушыларға зор алғыс білдіреміз!

Республика күні – ел бірлігі мен тәуелсіздіктің нышаны. Мереке құтты болсын!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *