Егеменді мемлекеттің бастауы- Республика күні мерекесі құтты болсын!!!

 

 

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары Сіздерді бүгінгі еліміз үшін орны ерекше әрі айтулы Республика күні мерекесімен құттықтаймын.

Бұл күн еліміздің егемендігін айқындаған, тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуға жол ашқан тарихи сәттің белгісі.

Яғни, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесімен 25.10.1990 жылы «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы» қабылданып, бұл өз кезеңінде тәуелсіздікке бетбұрыс кезеңі болып, Қазақстанның Тәуелсіздік туралы Конституциялық заңы мен Тәуелсіздік туралы жарияланымды қабылдауға үлкен жол ашты.

Аталған тарихы терең күн халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған азаттығының бастауына және мемлекеттіктің жаңарған нышанына айналды.

Бүгінгі күні еліміз бейбітшілік пен әділдікті ту еткен, демократиялық және құқықтық қағидатты берік ұстанған мемлекет ретінде әлемдік аренада өзіндік орнын нық тапты.

Республика күні прокуратура органдары үшін орны ерекше күн, әрбір қызметкер үшін ел алдындағы парыз бен адалдықтың айғағын ұғындырып, еліміздің болашағы үшін адал қызмет етуге шақырады.

Тәуелсіз Қазақстанның дамуына қосқан әр үлес- мемлекет болашағына салынған іргетас екенін ұғындыра отырып, баршаларыңызды Республика күнімен құттықтай келе, отбасыларыңызға бақ-береке, мықты денсаулық тілеймін.

 

Құрметпен қала прокуроры К.Б. Нәрікбаев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *