Түркістан қаласында қазақ күресінің дамуына серпін беретін маңызды жиын – Qazaq Kuresi Ассоциациясы Атқарушыкомитетінің отырысы өтті.
Азия чемпионаты аясында ұйымдастырылған бұл басқосу ұлттық спорттың стратегиялық бағытын айқындап, халықаралық деңгейдегі жаңа бастамалардың негізін қалаған тарихи шара болды.
Жиынға Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров, Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының директоры Қайрат Пазылбек, United World Wrestling ұйымының техникалық делегаты Онур Шимшек, чемпионаттың бас төрешісі Эдмар Абдулаев, сала ардагерлері Марат Жақит пен Серік Түкеев, сондай-ақ қазақстандық және шетелдік федерациялардың басшылары мен өкілдері қатысты.Отырысты алғы сөзбен ашқан Qazaq Kuresi Ассоциациясының бас директоры Дамир Бекбосынов өз баяндамасында Qazaq Kuresi Ассоциациясының атқарған жұмыстарына тоқталып, соңғы жылдары төл күресіміздің халықаралық деңгейде танымал бола түскенін атап өтті.
- Дамир Әсенғазыұлының айтуынша, Ассоциацияның бастамасымен 11 Әлемчемпионаты, 13 Азия чемпионаты, 6 Әлемк убогы, 6 Еуропа және 2 Африка чемпионаты сәтті ұйымдастырылған. Сонымен қатар төрешілер мен жаттықтырушыларға арналған бірыңғай аттестациялау мен біліктілікті арттыру жүйесі енгізілді.
Осы бағыттағы жұмыстарды жүйелеу үшін Ассоциация құрамында 8 комитет пен 3 департамент құрылып, төрешілік, медицина, халықаралық ынтымақтастық, маркетинг және даму бағыттары бойынша нақты міндеттер бекітілген.
