ТҮРКІСТАН: ҚЫЛМЫСТАР БОЙЫНША КӨРСЕТКІШ ҚАНДАЙ?

 

Қылмыстың санаттары бойынша ауырлығы орташа қылмыстар 8,1 пайызға, онша ауыр емес қылмыстар 5,8 пайызға және аса ауыр қылмыстар 55,4 пайызға төмендесе, есесіне, ауыр қылмыстар 4,7 пайызға жоғарылаған.

Жыл басынан бергі 9 айда облыста 3 892 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелсе, былтырғы жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 4269 болған. Ең көп құқық бұзушылық Түркістан (860) және Кентау (239) қалаларында және Сарыағаш (601), Сайрам (377), Жетісай (309), Келес (187) аудандарында тіркелген.

Қылмыстың санаттары бойынша ауырлығы орташа  қылмыстар 8,1 пайызға, онша ауыр емес қылмыстар 5,8 пайызға және аса ауыр қылмыстар 55,4 пайызға төмендесе, есесіне, ауыр қылмыстар 4,7 пайызға жоғарылаған. Мұндай қылмыстар Түркістан, Кентау қалаларында және Арыс, Бәйдібек, Жетісай, Ордабасы, Келес және Түлкібас аудандарда өсе түскен. Әсіресе, Бәйдібек ауданы мен Түркістан, Кентау және Арыс қалаларында жоғары. Жалпы, 9 айда қылмыстың ашылу деңгейі 78,6 пайызға, оның ішінде аса ауыр қылмыстар 100 пайызды, ауыр қылмыстар 88,0 пайызды, ауырлығы орташа қылмыстар 60,8 пайызды және онша ауыр емес қылмыстардың ашылу көрсеткіші 85,4 пайызды құраған.

Бұдан бөлек, ұрлық 31,1 пайызға, оның ішінде Қазығұрт, Бәйдібек, Келес, Созақ, Сарыағаш, Сауран аудандары мен Кентау қаласында едәуір кемісе, мал ұрлығы Сайрам, Сауран, Төлеби, Ордабасы, Созақ, Жетісай, Келес аудандарында, адам өлтіру және адам өлтіруге оқталу қылмыстары Келес, Қазығұрт, Шардара аудандарында төмендеген.

Тонау қылмысы да 18,2 пайызға азайып отыр. Бұл әсіресе, Кентау қаласында, Отырар, Түлкібас, Сарыағаш аудандарында төмендеген. Бұзақылық 15,4 пайызға кемісе, мұндағы көрсеткіш негізінен Арыс, Шардара, Сауран, Мақтарал, Жетісай аудандарына тиесілі.

Есесіне, қорқытып алу қылмыстары 5,9 пайызға жоғарылап отыр. Мұндай қылмыстар әсіресе, Түркістан қаласы мен Сайрам, Сарыағаш, Келес, Түлкібас аудандарында көбейген. Алаяқтық қылмыстар да 21,6 пайызға жоғарылаған. Отырар, Сайрам, Шардара, Келес, Шардара аудандарынан басқа өңірлерде алаяқтық қылмыстар асқынып тұр деуге болады. Интернет-алаяқтық қылмыстар да 34,4 пайызға көбейген. Оның басым көпшілігі Бәйдібек, Ордабасы, Түлкібас аудандары мен Кентау қаласында тіркелген.

Есірткі қылмыстарының жалпы деңгейі  27,4 пайызды, оның ішінде ҚР ҚК-нің 296 бабы бойынша төмендеу көрсеткіші байқалады. Есірткі қылмыстары Қазығұрт және Түлкібас аудандарында жиі тіркелген. Сонымен қатар, экстремизм және терроризммен байланысты қылмыстар саны 19,0 пайызға, қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар саны 9,9 пайызға, көшеде жасалған қылмыстар саны 5,8 пайызға, соттылығы жойылмаған тұлғалар жасаған қылмыстар саны төмендеген. Өкінішке қарай, жасөспірімдерге қатысты жыныстық қол сұғылмаушылық қылмыс деңгейі, отбасы-тұрмыстық саладағы қылмыстардың саны 37,8 пайызға жоғарылап отыр.

Аталған мерзімде өз-өзіне қол жұмсау деректері 13,2 пайызға төмендесе, кәмелет жасқа толмағандармен жасалған қылмыс саны 8,0 пайызға жоғарылаған.

Сондай-ақ, өз-өзіне қол жұмсауға оқталу жәйттері 25,1 пайызға төмендесе,   кәмелет жасқа толмағандармен жасалған қылмыс саны былтырғы жылдың осы мезгіліндегі көрсеткішпен шамалас.

ҚР Бас прокуратурасы

Құқықтық статистика және

арнайы есепке алу жөніндегі

комитетінің Түркістан облысы

бойынша департаменті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *