Әдетте біз журналистік креслода отырып, қылмыс хроникасымен қатар басқа да ақпараттарды жариялаймыз. Осылай келе жатқаныма 27 жылға жуықтапты. Бірақ бұл жолы мен, «Пагонды журналист» ретінде, Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының офицерлерімен бір күн өткізіп, олардың «ақ ажалға» қарсы күресінің ішкі асханасын көрдім.
Ең алдымен полиция формасын киген сәттен-ақ бойымды жинап, жауапкершілікті меңгерумен қатар, бұл тек кәсіби борыш қана емес, адамгершілік қасиет пен азаматтық ұстанымды талап ететінін ұқтым. Полиция қызметкерінің сыртқы келбетіне сай, сөйлеу мәнерім мен өзімді ұстай білу- полиция беделінің айнасын көрсететінін бірден сезіндім. Себебі, полиция формасының құдіреті – бұл иыққа артылған үлкен жауапкершілік жүгі. Бұл тек арнайы киім емес, бұл – сенім мандаты. Форманы киген сәттен өзімді Мемлекеттің, Заңның және Қоғамның мүддесін қорғайтын тұлға ретінде көріп, осы жоғары міндетке лайықты болуға ұмтылдым. Сондай-ақ, форманың қасиеті – бұл мақтаныш қана емес, күнделікті ерлік пен адал еңбекке шақыру екенін де аңғардым. Жұмыс барысы сағат сегіздегі оперативті жиналыстан басталды. Үстел басында Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқарма бастытығы полиция полковнигі Сакенов Сабыржан Жарылқасынұлы мен жедел уәкілдермен бірге менде қатарластым. Бүгінгі жұмыс барысын талқылап, тапсырма алған соң бірден қызметке кірістім. Ең алдымен басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры, киберқадағалаушы Қадыр Азамат Бақытжанұлымен интернент арқылы синтетикалық есірткілердің таралуына жол бермеу мақсатында күнделікті мониторинг жұмыстарына шолу жасадық. Өткен жылдың еншісінде -298, ал жыл басынан бері -1114 ақпараттық сайыттар анықталып, «Киберқадағалау» сараптамасына жолданып, нәтижесінде бұғатталған. Прокуратура органдарымен бірлесіп есірткі заттарын жарнамалайтын «Анти-фрод» жүйесіне енгізу барысында 70 млн-нан астам тенге қаражаты бар 1346 банк карталары анықталыпты.
ЖЕДЕЛ ІС-ШАРАЛАРҒА БЕРІЛГЕН БАСЫМДЫҚ
Бұдан кейін, Ішкі істер министрі 2025 жылды «Профилактика жылы» — деп атап, бекітілген жоспарға сәйкес, Департаментпен профилактикалық шараларды және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң мен тәртіпті нығайту мақсатында, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сенімді түрде қорғау бағытындағы шаралардың күшейтілгенінен нашақорлықтың алдын алу, ведомствоаралық үйлестіру тобының жедел уәкілі полиция майоры, профилактика бойынша жауапты Қожбанов Есімхан Халбуддинұлының жыл басынан бері атқарылған жұмыстарынан ақпараттандым. Жалпы, синтетикалық және өзге де есірткілердің зияндығы және олардың заңсыз айналымы бойынша Заң алдындағы жауапкершілік туралы 2024 жылы -271, биылғы жылдың 9 айлық есебі бойынша 1000-ға жуық /991/ түсіндіру профилактикалық іс-шаралары өткізіліп, оған 99 мыңнан астам оқушылар мен студенттер, ата-аналар және жергілікті тұрғындар қатысқан.
Сонымен қатар, Департаменттің жанында (2025 жылғы 20 наурыздағы №109 бұйрығына сәйкес) есірткі құқық бұзушылықтарының профилактикасы саласында өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі Кеңес мүшелері құрылған болатын. Бұл Кеңестің құрамында өзімде бар болғандықтан, нашақорлықтың, есірткі қылмысының алдын алу, заңға бағынатын мінез-құлық пен салауатты өмір салтын насихаттау, халықты, әсіресе жастарды есірткіге қарсы бағыттағы жұмыстарының тұрақты жүргізіліп келе жатқанынан хабардармын. Мұнан бөлек, ойын-сауық орындарында, түнгі клубтарда 98 рет рейідтік іс-шаралар жүргізіліп, прокуратура органдарының қызметкерлері және облыстық жастар ресурстары жанындағы ерікті жалданушылармен бірлесіп көше граффити жазбаларын өшіру бойынша 115 іс шаралар жүргізілген. Нәтижесінде, 190 есірткі жарнамалау, насихаттау жазбалары өшіріліп, сондай-ақ есірткі жарнамалауымен байланысты 1 дерек анықталып, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 299-1 бабымен қылмыстық іс қозғалған. Облыс аумағындағы көшелер мен қоғамдық орындарда қазіргі таңға дейін жалпы 76 есірткіге қарсы әлеуметтік жарнамалары бар билбордтар және 15 LED экрандары орналастырылыпты. Ал, Әуежай, Теміржол вокзалы, «ҚазПочта» қызметкерлерімен бірге Есірткі құралдары және психотроптық заттарды заңсыз жөнелту фактілерін анықтау үшін Департаменттің қызметтік иттерінің көмегімен жедел-іздестіру іс-шаралары ұдайы түрде жүргізіліп, 112 рейдтік іс-шара өткізілген.
