Азаматтық іс бойынша құқықтарды Түркістан облысының жұртшылығына ақпараттық сайтымызда ұсынамыз.Маман қылмыстық iстi жүргiзушi органның шақыртуы бойынша келуге; дәлелдемелердi жинауға, зерттеу мен бағалауға көмек көрсету үшiн арнаулы бiлiмiн, дағдысын және ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзу мен сот талқылауына қатысуға; өзi орындаған iс-әрекеттер жөнiнде түсiнiктеме беруге, ал осы баптың 1-1-бөлігінде көзделген жағдайда зерттеу жүргізуге және қорытынды беруге; өзiне iске қатысуына байланысты белгiлi болған iстiң мән-жайлары туралы мәлiметтердi және өзге де мәлiметтердi жарияламауға; тергеу әрекеттерiн жүргiзу кезiнде және сот отырысы уақытында тәртiп сақтауға мiндеттi.Өзiнiң мiндеттерiн орындаудан дәлелдi себептерсiз бас тартқаны немесе жалтарғаны үшiн маман әкiмшiлiк жауапқа тартылады. Көрінеу жалған қорытынды берген жағдайда маман заңда белгіленген қылмыстық жауаптылықта болады.
Аудармашы аударманы жүзеге асыру кезiнде қатысушыларға аударманы нақтылау үшiн сұрақтар қоюға; жүргiзуiне өзi қатысқан тергеу немесе өзге де iс жүргiзу iс-әрекеттерiнiң хаттамасымен, сондай-ақ тиiстi бөлiгiнде сот отырысының хаттамасымен танысуға және аударманың толықтығы мен дұрыстығына қатысты хаттамаға енгiзуге жататын ескертпелер жасауға; егер оның аудару үшiн қажеттi бiлiмi болмаса, iс бойынша iс жүргiзуге қатысудан бас тартуға; қылмыстық процестi жүргiзушi органның iс-әрекетiне шағым жасауға; тергеу және өзге де iс жүргiзу iс-әрекетiне қатысуына байланысты өзiне келтiрiлген шығындарға өтем және егер iс бойынша iс жүргiзуге қатысу оның қызметтiк мiндетiнiң шеңберiне кiрмейтiн болса, орындалған жұмысы үшiн сыйақы алуға; қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішті мәлімдеуге құқығы бар. Қылмыстық процестi жүргiзушi органның шақыруы бойынша келуге; өзiне тапсырылған аударманы дәл және толық орындауға; оның қатысуымен жүргiзiлген тергеу iс-әрекетiнiң хаттамасында, сондай-ақ процеске қатысушыларға олардың ана тiлiндегi немесе олар бiлетiн тiлдегi аудармасында тапсырылатын iс жүргiзу құжаттарында аударманың дұрыстығын өзiнiң қолымен куәландыруға; аудармашы ретiнде тартылуына байланысты өзiне белгiлi болған iстiң жағдайы туралы мәлiметтердi немесе өзге де деректердi жарияламауға; тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзу кезiнде және сот отырысы уақытында тәртiп сақтауға мiндеттi.
Сот ғимаратында азаматтардың келіп-кету ережесі
Бұл тәртіп азаматтардың сот ғимаратына және ондағы бөлмелерге кіру сипатының нормаларын белгілейді.Сипат тәртібі соттарда Қазақстан Республикасы аумағында соттармен сот төрелігін жүзеге асыру процедурасын реттейтін заңнамалардың нормаларына сай және азаматтардың конституциялық құқықтары сотпен қорғалуын іске асыру мақсатында жетілдірілген. Соттардың ғимараттары немесе бөлмелері деп жеке ғимараттарды(құрылыстарды) немесе судьялар мен соттар аппараттарының қызметкерлері үнемі орналасқан, қызметтік функцияларын атқаратын олардың ішіндегі бөлмелерді ұғыну керек.Сот мәжілісі залдары, судьялар мен сот аппараты қызметкерлерінің қызметтік кабинеттерімен қатар сотқа жататындар қатарына сот істерін(кеңселер және сот мұрағаттар), құжаттар мен материалды техникалық құндылықтарды(тұрақтар, қоймалар, айғақтық заттарды сақтау қапастары) сақтауға арналған бөлмелер және ортақ пайдалатын орындар( дәліздер, холлалар, буфеттер, әжетханалар, баспалдақтар марштары және т.б.) кіреді.
