Қылмыстық заңда көрсетiлген қылмыстардың басым көпшiлiгi әрекет нысанында жасалады. Аздаған қылмыстар ғана әрекетсiздiк нысанында жүзеге асырылады. Ал кейбiр жекеленген қылмыстар белсендi әрекет күйiнде де немесе
әрекетсiздiк күйде де iстелуi мүмкiн.
Мысалы: Тонау, қарақшылық тек қана белсендi әрекет арқылы жүзеге асырылады. Дәрiгерлер өздерiне жүктелген мiндеттердi орындамай, ауру адамға жәрдем бермей, қауiптi зардапқа әкелiп соқтырып әрекетсiздiк, енжарлық жолымен қылмыс жасайды. Кiсi өлiмi белсендi әрекетпен де, кейбiр жағдайларды әрекетсiздiк жолымен де жасалуы мүмкiн. Қоғамға қауiптi iс-әрекеттер қоғамға зиянды өзгерiстер туғызуға соны болдыру қаупiн туғызады. Қылмыстық зардап бұл қылмыстық заңда көрсетiлген қоғамдық қатынастарға әрекет немесе әрекетсiздiк арқылы келтiрiлген зиян болып табылады. Келтiрiлген залалға қарай қылмыстың қоғамға қауiптiлiгi анықталады, соған қарай дәрежеленедi. Мысалы, тонау қылмысында өмiрге және денсаулыққа қауiптi емес күш қолдану, iрi материалдық залал келтiру сияқты зардаптары көрсетiлген. Басқа қылмыстарды ауыр дәрежелi дене жарақатын салу немесе орта және жеңiл дәрежедегi зияндар келтiру т.б. залалдар көрсетiлген. Қылмыстық құқық принципi бойынша iс-әрекет пен қауiптi зардаптың арасында себептi байланыс болуы тиiс. Себептi байланыс әрекет немесе әрекетсiздiк арқылы iстелетiн қылмыс құрамдарының мiндеттi белгiсi болып табылады және зардапты анықтауда, қылмысты саралауда үлкен маңызды ролін атқарады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінiң 20-бабында “тiкелей немесе жанама ниетпен жасалған әрекет қасақана жасалған қылмыс деп танылады” – деп қасақана қылмысқа анықтама берiлген. Сонымен қатар осы бапта тiкелей және жанама ниетпен жасалатын қылмыстарға анықтама берiлген. Ол бойынша “егер адам өз iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) қоғамға қауiптi екенiн ұғынып, оның қоғамдық қауiптi зардаптары болуының мүмкiн екенiн немесе болмай қоймайтынын алдан ала бiлсе және осы зардаптарың болуын тiлесе, қылмыс тiкелей ниетен жасалған қылмыс деп танылады. Сот-тергеу тәжiрибесiнде қасақаналықтың тiкелей және жанама ниеттерi олардың интелектуалдық және ерiктi мезеттерi арқылы ажыратылады. Өзiнiң әрекетiнiң немесе әрекетсiздiгiнiң қоғамға қауiптi мәнiн сезiну және сана-сезiмi арқылы сол әрекеттен туындайтын қоғамдық қауiптi зиянды болжау қасақаналықтың интелектуалдық мезетiн құрайды. Ал, болашақ туындайтын зардаптың болуын тiлеу немесе оның туындауына саналы түрде жол беру ерiктiлiк мезетiн құрайды. Тiкелей және жанама ниеттер осы ерiктi мезеттерi арқылы ажыратылып отырады. Тонау қылмысы субъективтiк жағынан қасақаналық тiкелей ниетпенен жасалынады, яғни субъект өзiнiң әрекетiнiң қоғамға қауiптi екенiн бiледi, содан қауiптi залал келетiнiн де бiледi және сондай қауiптi залалдың келуiн тiлейдi яғни, ол өзiнiң пайдакүнемдiк мақсатын жүзеге асыру үшiн тiкелей белсендi әрекеттер жасайды. Тонау қылмысының тағы бiр ауырлататын түрi — тұрғын, қызметтiк, өндiрiстiк үй-жайға не қоймаға заңсыз кiрумен жасалған тонау. Тонау қылмысының бұл түрiн дәрежелеп қолдану барысында, тұрғын, қызметтiк, өндiрiстiк үй-жайларды, қойманың не екенiн, оларға не жататынын бiлу қажет. Тұрғын жай дегенiмiз адамдардың тұрақты немесе уақытша тұруына арналған немесе олардың демалуға, мүлiктi сақтауға, адамдардың басқа да мұқтаждықтарын өтеуге арналған (үй, балкон, әйнектелген дәлiз) құрылыстарды айтамыз. Адамдар тұруға арналмаған құрылыстар тұрғын жай деп танылмайды. Қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жай дегенiмiз адамдарды немесе материалдық игiлiктердi уақытша немесе тұрақты орналастыруға арналған құрылыстар болып табылады.
