Шардара қаласындағы спорт кешенінде грек-рим күресінен 2011-2013 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында Түркістан облысының чемпионаты басталды. Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Теребеков сөз сөйлеп, қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі.
Облыстың аудан-қалаларынан іріктеліп келген үздік балуандар боз кілемде өзара мықтыны анықтауда. Бұл біріншілікте топ жарған спортшылар алдағы ел чемпионатына жолдама алып, Түркістан облысының намысын қорғайтын болады. Жас балуандар осы сайыс арқылы шеберліктерін шыңдап, болашақтағы ірі жеңістерге жол ашады.
